Көңілдесі “зорлады” деп арыз түсірген шенеунік қызметінен кетті

Көңілдесі “зорлады” деп арыз түсірген шенеунік қызметінен кетті

Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары болған Марлен Баймағанбетовтің үстінен 3 жыл бірге жүрген қызы зорлады деп арыз түсірді.
Бұл туралы Ақтөбедегі NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

«Ақтөбелік шенеунік зорлық көрсетті» деген арыз қаладағы Сазды полиция бөліміне түсті. Арызды 25 жастағы бойжеткен жазған. Онда шенді алдап, өзіне еркінен тыс зорлық көрсетті делінген. Бірақ, арызда келтірген деректердің дәлелденбеуінен қылмыстық іс Сазды полициясының тексерісінен аспай қысқарды. Ал, ұятқа қалған шенеунік өз еркімен қызметінен кетуге мәжбүр болды.

Облыста бір басқарма басшысының орынбасары болған Марлен Бағланұлы тамыздың ортасынан бастап өз еркімен қызметінен кетті. Ол қыз менімен өз қалауымен кездесті, арыздың бәрі жала деп отыр.

«Кейбіреулер оңай жолмен үй алғысы келеді. Жоқ жерден зорлық көрдік деп айдай әлемге жар салады. Ұялмай, қызының қылығын жайып жүргендерге қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен ешкімге жамандық тілеген емеспін, тілемеймін де», – дейді Баймағанбетов.

Қыз полицияға арыз түсіргенімен, өзін зорлағанын дәлелдей алмаған.

«Онымен кездескен қонақүйден және мейрамханадан видеоларын алып бердім. Кеште бізбен бірге болған оның балалық шақтағы достары куә ретінде түсініктеме берді. Осыдан кейін дәлелі болмай, іс қысқарды. Мен олардың үстінен жала жапты деп арыз түсірген жоқпын, кешірім де сұрамадым. Бүкіл ауылға, тума-туысқа масқара етті. Бірақ, әйелдермен соттасқым келген жоқ. Қызды арыз жазуға қайрап отырған оның шешесі», – дейді Марлен Бағланұлы.

Марленнің айтуынша, балалы бойжеткен арызды өткен жылы Алматыдан бірге қыдырып келіп, ұшақтан түскеннен кейін жазған.

«Сол кезде баласымен шықты. Үш күн қыдырып келдік. Шешесі «қайдасың?» деп қызына бір рет қоңырау шалған емес. Ол шешесінің мәжбүрлеуімен арыз жазды, аяймын. Несиеге үйлеріне қаншама дүние алып бердім. Шешесіне де, өзіне де аз алтын сыйлаған жоқпын. Ол менімен кездесіп жүрген кезде де бірнеше адаммен кездесті. 65 жастағы бизнесменмен Алматыға ұшып кеткен кезінде ұшақпен алдырғанмын. Оларға мен ақшаны баспен табады деп бірнеше рет айттым. Бірақ олар басқа жермен табуды ойлайды», – дейді өткенін өкінішпен еске алған Марлен.

Басы бәлеге қалған шенеунік үстінен арыз түсірген қыздың баласына бірнеше рет қаржылай көмек көрсеткенін айтады. Ал арыз түскеннен кейін көк тиын бермеген.

«3 жыл кездесіп, бауыр басып қалған шығармын. Қолымнан келгенше көмектесіп тұрдым. Олар қорқып, қыздарына үйленеді деп ойлаған болуы керек», – дейді жалған әңгімеден шаршадым деген ол.

Марленнің заңды некедегі әйелі, бала-шағасы бар.

Марлен Баймағанбетов қазір жеке бизнеспен айналысып жүр. Басымды енді басқа шаруаларға қатыратын боламын дейді. Қазір ол ат шаптырумен айналысқысы келетінін айтады.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста