Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы өте маңызды

Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы өте маңызды

Кәсіподақ ұйымдары мен азаматтық қоғамды бөліп қарауға болмайды. Жалпы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен еліміздің  дамуы жолында  кәсіподақ қызметінің маңызы зор. Қай заманда болмасын еңбек адамы қандай саланың маманы болсада  қадірлі болуы керек. Актер ма, шахтер ма, мұнайшы ма, тракторшы ма, режиссер ма, дәрігер немесе мұғалім бе, кез келген мамандық иесі болсын,  айырмашылығы жоқ. Әр саланың өзіндік қыр-сыры, қиындығы болады. Сол саланы дамытатын, өнімді жұмыс істейтін, жетістікке жеткізетін осы мамандықты жанымен қалап тандаған адам. Ал олардың еңбегін бағалап, қадірлеп, демеу жасап, ынталандырып отыратын, құқын қорғайтын, тіпті демалысын, сыйлығын, мерекелік шараларын ұйымдастырып, денсаулығына мән беріп қолдау білдіріп отыратын, әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша түйткілдерін шешуге көмектесетін кәсіподақтар ұйымы. Сондықтан кәсіподақтар ұйымының мойынындағы жауапкершілік өте зор. Қазір көпшілік қауым бұл мәселеге жіті мән бермеуі де мүмкін. Бірақ түбегейлі ойлап қараған жанға еңбек адамын қолдап-қорғау аса маңызды. Сонда ғана өнімді жұмыс, жақсы нәтиже болады. Елін сүйген, оның дамуына өзіндік еңбегімен үлес қосып жүрген кез келген азамат отанымыздың басты құндылығы.  

Елімізде кәсіподақ жұмыстарын жандандыруға, азаматтардың еңбек етуіне барынша жағдай жасалған. Бірақ көптеген мәселе азаматтарымыздың құқықтық сауатының төмендігінде болса керек. Алдымен қызметкер кәсіподақтың мүшесі болып, кәсіподақ тарапынан жоғарыда айтылған жеңілдіктер мен көмектердің бәрін көріп, жұмыс істеуіне, құқының қорғалуына өзі ынталы болуы керек. «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші кез келген адам көптеген өндірістік келеңсіздіктерге ұшырауы мүмкін, жұмысберуші тарапынан заңсыздық көріп, жалақыны уақытылы алмай қиындықтарға тап болса өзінің кімге арқа сүйеп, кіммен кеңесетінің білуі керек. Ал елімізде ол мәселенің барлығы қарастырылып заңмен бекітіліп, кәсіподақ жұмысы жолға қойылып отыр. Мамандардың айтуынша Қазақстандағы кәсіподақ жұмысы өткен ғасырдың басынан бастау алады екен. Олардың келтірген дерегі бойынша Қарағанды аймағындағы мыс өндіретін Успен кен орнында жасақталған еңбеккерлердің одағын еліміздегі тұңғыш кәсіподақ ұйымы деп қарастыруға болады. Сонда еліміздегі кәсіподақ тарихы биыл 117 жылға иек артып отыр деуге толық негіз бар. Ал әлемдегі кәсіподақтар ұйымының іргесі сонау он сегізінші ғасырдан бастау алып жатыр.

Тәуелсіз Қазақстандағы кәсіподақ ұйымдарының жұмыс істеп келе жатқанына міне 30 жылдан асты. 2019 жылдан бастап 10 қазан Қазақстан Республикасының Кәсіподақтары күні ретінде үкімет қаулысымен арнайы бекітілгені бәрімізге мәлім. Кәсіби мерекенің арнайы күн болып бекітілуі бұл саланың жұмысын бағалап, оған ерекше мән бергендіктен іске асып отыр деуге болады. 2020 жылы Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының XXVI съезі болып өтті. Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев осы жиынға арнаған құттықтау сөзінде «Кәсіподақтар – еңбек адамының құқықтарын қорғау, оның лайықты тұрмыс сапасы мен жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жолында мәртебелі миссия атқаратын аса маңызды заманауи қоғамдық институттың бірі. Түрлі кәсіппен айналысатын еңбек адамдары – ұлт игілігінің қайнар көзі» деп ерекше атап өткен болатын. Сонымен қатар, Президент осы құттықтауында кәсіподақ ұйымдарының мүмкіншілігін арттырып, олардың  рөлін күшейту көзделіп отырғанын және бұл салаға жастарды көптеп тартып бәсекелестікті нығайту керегін де тілге тиек еткен еді. Мемлекет басшысы  кешегі Жолдауында да елімізде азаматтық белсенділікті күшейтіп, Мемлекет пен қоғамның серіктестігіне баса мән беру керектігін айтып өтті. Осындай қиын кезеңде, Жаңа Қазақстанды құрып еліміздің болашағы жарқын болуы жолында әрбір азамат шама-шарқынша үлес қосуға тиісті. Бұл ретте Кәсіподақтар федерациясының да атқаратын шаруасы қыруар болмақ. Қазір барлық өңірлердегі кәсіподақтар орталығы Жолдауға қолдау білдіріп, онда айтылған әрбір ұсыныс пен тапсырмаларды кеңінен талқылауда. Алдарында тұрған жаңа міндеттерді орындап, кәсіподақ мүшелерінің мүддесін қорғап, еңбек адамдарының мәселелерін шешуге ерекше құлшыныс танытып отыр.

Жасырып жабары жоқ, қазір еліміздегі ең өзекті мәселенің бірі деп жұмысшы мен жұмысберушінің арасындағы жалақы дауын айтуға болады. Кеше ғана елімізді дүрліктірген қаңтар оқиғасының да түпкі негізі осындай қордаланған мәселелер дұрыс шешімін таппай, созбақталып келе жатқандығында жатыр деуге толық негіз бар. Еліміздің барлық аймағында осындай түйткілді мәселелер көптеп саналады. Көбінесе бұндай дау-жанжал Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында өршіп тұрғаны жиі айтылады.  Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Жаңаөзенге ат басын бұрып сол  жердегі кәсіподақ белсенділерімен жиын өткізді. Жиында жергілікті кәсіпорындарда болып жатқан түйткілді мәселелер талқыланды. Жалақыны индексациялау біраз кәсіпорындарындарда әлі жасалмағандығы туралы сөз болды.  Мәселен «Өзенмұнайсервис» ЖШС-ның кәсіподақ төрағасы Саламат Серіковтің айтуына қарағанда, жергілікті жұмысберушілер мен жұмысшылардың ортасында келіссөз орнату әдісі қалыптаспаған. Егер жағдай осы қалыптан өзгермесе, еңбеккерлер мүддесі ескерлімесе, олар еруілге шығуы әбден мүмікін. Бұл сөзге «Кезби» ЖШС-ы кәсіподақ ұйымының жетекшісі Азамат Жапар да қолдау білдірді. Ол жұмысшы мен жұмысберушіні өзара келіссөз жүргізу, медиация, конфликтология дағдыларына үйрету керек екендігін айтты. Сондықтан арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыру қажет екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ол кездесуге жиналаған әріптестерінің атынан жергілікті кәсіподақтар жұмысын үйлестіру үшін «Жаңаөзен кәсіподақтар орталығын» құру туралы ұсынысын жеткізді. Жиында сөз алған Сатыбалды Дәулеталин әріптестерінің бұндай бастамасын толығымен қолдайтынын білдірді. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігін құру екі тарапты өзара диалогқа тарту арқылы әлеуметтік-еңбек қатынастарының шешімін тауып жергілікті кәсіпорындардағы еңбек жанжалдарының алдын алуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Сонымен қатар, ол жұмысшылар еруілге шығу арқылы мәселені шешемін деу әрқашан тиімді болмайтынын, жұмысберушімен өзара диалог құруға тырысып, еңбек және кәсіподақ заңнамаларында көрсетілген барлық мүмкіндіктерді барынша қарастырып шығу керектігін айтты. Сондай-ақ, кәсіподақтардың жұмысберушілермен біріге отырып өткізген еңбек консультациялары ұжымның ішіндегі әлеуметтік әріптестікті оңтайлы дамытуға мүмкіндік беретінін туралы да сөз қозғалды. Оған мысал ретінде  «Қаражанбасмұнай» және «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамдарындағы кәсіподақтар мен жұмысберушілер арасында орнаған өзара байланысты келтірді. Жұмысшы мен жұмысберушілердің құқықтық сауатын арттыру туралы түрлі сұрақтарға жауап берген Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Жаңаөзендегі кәсіпорындардың өкілдеріне жақын арада Халықаралық еңбек ұйымы мен Кәсіподақтар федерациясы бірлесіп өткізгелі отырған семинарларға қатысу туралы ұсыныс жасады.

Міне бұл Кәсіподақтар федерациясы атқарып отырған бір жұмыстың ғана ауқымы. Осындай жүйелі жүргізілген іс-шаралардың арқасында көптеген тіиімді нәтижеге қол жеткізуге болатыны анық. Жұмысберуші мен жұмысшы өзара үйлесімде, тілтабыса отырып еңбек еткенде ғана кез келген кәсіпорының ісі алға басатыны сөзсіз. Ендеше кәсіподақ  ұйымдарының атқарар ісі еліміздің дамуы үшін өте маңызды.

 

Нұрлы Еділов

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста