Азаматтық қоғамның дамуы тоқтаусыз үрдіс

Азаматтық қоғамның дамуы тоқтаусыз үрдіс

Азаматтық қоғам қалыптасып дамымаса елдің де, мемлекеттің де ісі уақыт талабына сай ілгері баспайтыны анық. Нақты айтқанда азаматтық қоғам дамығанда ғана жарқын болашаққа қол жеткізуге болады. Әр адам өз елінің азаматы ретінде, өзі өмір сүріп жатқан қоғамның белсенді мүшесі ретінде әрекет етіп, заман талабына сай өмір сүруге тиісті. Әрине адами құндылықтардың барлығын қамтыған азаматтық қоғам бірден дамып, керемет нәтижеге лезде қол жеткізеді деу әсте әбестік болар. Жалпы, азаматтық қоғам  әлемде тоқтаусыз қалыптасып, түрлі сатылардан өтіп, біртіндеп дамып келеді. Бұл мемлекет, ел, қоғам бар жерде тоқтаусыз дамитын үдеріс. Бұл үрдісті әлемнің небір ойшылдары зерттеп, пайымдап, түрлі еңбектер қалдырған. Әлі де зерттеліп, зерделеніп келеді.

Біздің елімізде де азаматтық қоғам ұйымдарының қызметiнiң құқықтық базасы құрылып оны жетiлдiру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып келеді. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қауымдастығы осыдан отыз жыл бұрын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сол кездегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарамастан алғашқы қадамдарын жасап қалыптаса бастады. Бұл енді ғана тәуелсіздік алған еліміздің ең маңызды жетістіктерінің бірі болды десек артық айтқандық болмас. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның азаматтық қоғамы тұрақтылық пен институционалдық дәстүрлерді сақтауда мемлекеттің сенімді серіктесіне айналған бірнеше ұйымнан тұтас бір институтқа айналды.

Айналамызда, әлемде болып жатқан күрделі жағдайлар бейбітшілік пен ынтымақ, бірлік, тыныштық болған жағдайда ғана демократиялық құндылықтар дамып, азаматтық қоғамының ілгері басатынын сәт сайын есімізге салып отыр. Әлемнің апшысын қуырып, тынысын тарылтқан індет пен кеше ғана елімізде болған қаңтар оқиғасы, сондай-ақ көрші мемлекеттердің қақтығысы қалыптасқан әдет-ғұрыпымызға, тыныс-тіршілігімізге, күнделікті өмір сүру салтымызға дейін көптеген өзгерістер енгізіп кетті. Жан-жағымызға жіті қарап әр нәрсенің қадір қасиетін қайта бағамдауға ниеттендік.  Бірақ бойымыздағы әбден қалыптасып, қанымызға сіңіп  қалған әдеттерден, мінезден, ұстанымдарымыздан бірден бас тартып, жаңа жолға, жаңа ойларға бастайтын әрекеттерге бару, өзімізді-өзіміз қолға алып мықтап айналыспасақ оңайшылықпен игеріле қоятын нәрсе емес. Бұның бәрі жеке азаматтың бойында қалыптасып азаматтық қоғаммен үндесетін ізгілікті істердің бастауы. Азаматтық қоғамның дамуының ең негізгі өзегі үкіметтік емес ұйымдар деуге болады. Елімізде қалыптасып жұмыс істей бастаған үкіметтік емес ұйымдар біртіндеп дамып келеді. Олар толыққанды жұмыс істеп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр деуге әлі ерте.  Дамыған елдердің тәжірибесіне көз салсақ, азаматтық қоғам дамыған сайын жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатынын бірден байқауға болады. Азаматтық қоғам дамыған сайын мемлекет те нығая түседі. Сондықтан да парасатты мемлекет азаматтық бастамаға қолайлы жағдай жасау үшін барлық шараларды қабылдайды, әртүрлі өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылуын қолдайды.

Мемлекетіміз азаматтардың үнін, ойын, дауысын, ұсынысын тыңдап бірлікте әрекет етуге, жаңа Қазақстанды қалыптастыруға барынша күш салуда. Отыз жыл бойы атқарылған істер де жетерлік. Бұл кезеңдерде үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы сәт сайын жанданып, ілгерілеу үстінде болды. Олар мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып, тапсырыстар мен гранттар арқылы жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін екі жарым мыңдай үкіметтік емес ұйым қызмет атқарғанын білеміз. Олар сол арқылы елдің дамуына қал-қадірінше өз үлестерін қосты.

Елімізде 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен азаматтық секторды дамытудың ұзақ мерзімді негізгі бағыттарын айқындайтын жаңа стратегиялық құжат – Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы бекітілгені барлығымызға мәлім. Бұл құжат азаматтық қоғам мен билік органдарының өзара іс-қимылы саласындағы негізгі міндеттер мен басымдықтарды айқындайды. Тұжырымдамада азаматтық сектордың қызметін түрлендірудің жаңаша тәсілдері қарастырылып, белгіленген шаралар кешенін іске асыру 2030 жылға дейін белгіленген. Осы іргелі істі жүзеге асыру екі кезеңге жоспарланған. Бірінші кезең – 2020-2025 жылдардың аралығын қамтыса, ал екінші кезеңде – 2026-2030 жылдарда атқарылар жұмыстардың бағыт-бағдары айқындалған.

Елімізде азаматтық қоғам мен оны дамыту, зерттеу, саралау институттарының жұмысын жетілдіруде қолға алынған істер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Қоғамдағы түрлі экономикалық, саяси үдерістерді, бәсекелестік пен пікір алуандығын екшеп, мемлекет пен қоғамның бірліктегі істері мен міндеттерін жан-жақты саралай отырып талқылауға, іске асыруға барлық жағдай жасалған. Осы бағытта үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырудың түрлі тетіктері жұмыс атқарады. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына қолдау көрсетіп мемлекеттік гранттар беріледі. Осы тұста былтырғы атқарылған жұмыстардың барлығын тізбектеп жатпай бір ғана мысал келтіре кетсек артық болмас. Әрине бұл жүзеге асқан істердің барлық ауқымын көрсетпейді. Дегенмен «теңіздің дәмі тамшыдан білінеді» дегендей атқарылған істердің бір бөлшегін ғана білдіреді. Айтып өтесек, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамының атқарып жатқан жұмыстары да біршама. Былтырғы жылдың қорытынды есебі бойынша соңғы үш жылмен салыстармалы түрде олар жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Сонымен қатар, аталмыш акционерлік қоғам өткен жылы бюджет қаражатынан бөлек қаржымен үкіметтік емес ұйымдарға түрлі гранттар ұсынуды жолға қойған. Жалпы көлемі 43 миллион теңгеден астам мемлекеттік емес гранттар тағайындалыпты. Одан бөлек, түрлі әлеуметтік жобаларға қаржы бөлуді әртараптандыруды жеңілдету үшін демеушілерді тарту арқылы да қолдау көрсетіле бастаған. Түрлі халықаралық ұйымдармен кездесулер жасап, тәжірибе алмасып, бірлесе жұмыс атқарудың жолдарын да қарастырған.

Жалпы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, дамыту, тиімділігін арттырудың ауқымды жұмыстарын үздіксіз атқарып жатыр. Осындай тоқтаусыз жасалған жұмыстар жыл сайын қорытындыланып, тиімді, оң нәтиже беретін, ары қарай да қоғамдағы сұраныс пен қажеттіліктерді өтейтін жобалар заңды түрде жалғасын тауып келеді. Азматтық қоғамның бағыт бағдары айқын болып, оған жағдай жасалған сайын азаматтық белсенділік те жақсы қалыптасып, дами береді. Қазіргі таңда елімізде атқарылып жатқан жұмыстарға дерлік азаматтық қоғам өкілдері белсенді түрде қатысады.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста