«AMANAT» партиясы алыстағы ауылдарға бет бұрды

«AMANAT» партиясы алыстағы ауылдарға бет бұрды

Еліміздің шалғай аудандары мен ауылдарында шешімін таппай жатқан мәселелер баршылық. Ұланғайыр даламыздың түкпір-түкпірінде жатқан елдімекен тұрғындарының мұң-мұқтажы орталыққа жете бермеуі мүмкін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзінде бұл мәселеге кеңінен тоқталған. Сол жиында Президент азаматтарды қабылдауларды жиі өткізіп, алыстағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында қоғамдық қабылдаулар ашып, әлеуметтік желілерде әлдеқайда белсенділік таныту қажет екенін нақты тапсырып, сонымен қатар, партия қоғам өміріне барынша белсене араласып, оқиғаларға жедел ден қоюы, өзекті мәселелер бойынша өз ұстанымын ашық, анық, нанымды түрде түсіндіруі қажет екеніне де баса назар аударған болатын.

Президентіміздің осындай арнайы тапсырмаларын орындау мақсатында «AMANAT» партиясының өкілдері жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өткізіп шалғайдағы ауыл тұрғындарынның мұң мұқтажын тыңдауға белсене кірісіп кетті. Бұл іс-шара азаматтармен кері байланыс орнатуды нығайта түсу жолында жасалып жатқан жұмыс. Ең алдымен Қарағанды мен Ақмола аймақтарындағы алыста орналасқан он ауылда жылжымалы қоғамдық қабылдаулар өтті. Бұл игі шараның бастамасы ғана, алдымыздағы үш айдың көлемінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар еліміздің барлық аймақтарын аралап, алыстағы елдімекендерге жіті көңіл бөлуді жоспарлап отыр. Көшпелі қабылдаулардың жұмысына сол өңірдегі мәслихат депутаттары және партия мүшелері, облыстағы партия бөлімшелерінің бюросы мен саяси кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, атсалыспақ. Тағы бір айта кетерлігі көшпелі қоғамдық қабылдаулар енді тұрақты түрде жұмыс істеуді көздеп отыр.

Партия мүшелері Ақмола және Қарағанды ​​облыстарында сол өңірдің жүзге тарта тұрғынын қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Әлия Садырбаева алыстағы ауыл тұрғындары партияның аудандық немесе облыстық филиалына үнемі келе алмайтынын және олар үшін өз мәселесін облыстық мәслихаттағы партия фракциясының депутаттарына жеткізу қиындық туғызатынын айтты. Сонымен қатар, азаматтар қандай мәселемен келеді деп күтіп отырмай, оларға өздері барып қабылдайтынын да атап өтті.  Оның айтуына қарағанда, бұл іс-шара бір рет қана өткізіліп қоймайды, енді үнемі жалғасын тауып, тұрақты түрде атқарылатын жұмыс болмақ. Ал бұл іс  партия мүшелері үшін шалғайдағы ауылдардың да мәселелерін айқындап, жүйелі шешімдер қабылдау жолында ақпаратты сараптауға мол мүмкіндік беретінін де тілге тиек етті.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар өздері тұратын ауылдағы шешімін таппай келе жатқан алуан түрлі мәселелерді көтерді. Мәселен, қоғамдық қабылдауға Ақмола облысы Новосельское ауылының тұрғыны Светлана Паль алғашқылардың бірі болып келіп, өзі тұратын елдімекенді сумен қамту мәселесін айтып шағымданды. Ол су желілері ондаған жылдар бұрын пайдалануға берілгендіктен әбеден тозығы жетіп көптен бері тиянақты жөндеу жүргізуді қажет етіп тұрғандығын айтты. Тұрғынның айтуына қарағанда, ауылдағы ауызсудың тоқтап қалуы өте жиі болады екен. Сондықтан ауыл адамдары су берілген кезде үйлеріндегі ыдыстардың барлығына құйып, сақтап қойюды, үнемдеп жұмсауды әдетке айналдырған. Ал бұл мәселе қариялар мен көмектесері жоқ жалғызбасты адамдарға үнемі қиындық туғызып келеді. Осындай мәселені көтерген Светлана Паль партияның қолдауымен бұл түйткілдер шешімін табатынына үміттенетінін жеткізді.

Көшпелі қоғамдық қабылдауға қатысып отырған Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов осы мәселеге орай сөз алып, партия бағдарламасын жүзеге асыру барысында Новосельское елдімекеніне су құбыры желілерін тарту жұмыстарын биыл қолға алу көзделіп отырғанын атап өтті.

Көтерілген басқа да мәселелердің қатарында көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жасау, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытып,  инженерлік желілерді оңдауды қолға алу жөнінде де айтылды. Аудандық мәслихаттың партия фракциясы төрағасы Нұржан Рахымов барлық ұсынысқа жауапты мамандар белгіленіп, жоспардың орындалу уақыты айқындалатынын жеткізді. Ал, сол өңірдегі Хасен Қалменбаев қария халықтың өтініштері мен мұң-мұқтажын тындауға келген партия мүшелеріне алғысын білдіріп, осындай қабылдаулар жиі болып тұрса деген тілегін айтты.

«AMANAT» партиясының өкілдері осы сапарда Ақмола облысының құрамындағы бес елдімекенге ат басын тіреп халықпен кездесу өткізді. Өңірдегі Новосельское, Чапаевское, Ақсай, Үлгі, Сабынды ауылындағы тұрғындар кездесуде көптеген мәселені көтеріп, партиялықтардан тиісті жауаптарын алып, разылықтарын білдірді.

Дәл осы күні партия өкілдері Қарағанды ​​облысының орталықтан алыс орналасқан Егендібұлақ, Шешенқара, Дубовка, Бидайық, Орынбай ауылдарында да кездесу өткізді.

Кездесуде ауыл тұрғындары мал шаруашылығын дамыту үшін шөп пен жайылымдық жердің жоқтығын, ұялы байланыстың нашарлығын, ауыл ішіндегі жолдардың сапасы сын көтермейтіндігін, инженерлік желілердің тозғандығын, газбен қамту мәселесін айтып шағымданды. Сонымен қатар, кейбір ауылдар тозған электр желілерін жаңартып, бірілетін жарықтың сапасын арттыру үшін тағы да трансформатор орнатуды, дәрігерлік пункт салып беруді сұрап өтініш жасады. Ал, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруалар кәсіптерін жандандыру үшін несие алу жолдарын оңтайландырса деген тілектерін айтты. Осындай мәселелерді партия мүшелері өз бақылауына алып, орындалу барысын әрдайым қадағалап отыруға шешім қабылдады.

Бұл «АМАНАТ» партиясының атқарып жатқан жұмыстарының бір бөлігі ғана. Партия мүшелері жұтшылықты қабылдауын тоқтаусыз жалғастырып келеді. Жыл басынан бері 24 мыңнан астам адам партияның қоғамдық қабылдауында болып, өздерін толғандырып жүрген жайттарға шағымданған. Таратып айтар болсақ, оның 32 пайызы әлеуметтік мәселе бойынша, 14 пайызы баспана жөнінде, 11 пайызы жұмыс пен еңбек түйткілдеріне шағым айтқан. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұл шаруалардың 56 пайызы шешімін тауыпты. Ал қазір жылжымалы қоғамдық қабылдаулар жұмысы жолға қойылғандықтан бұндай көрсеткіштер өсе түсетіні белгілі. Халықпен етене араласып, мұң-мұқтажына құлақ түріп, тұрғындарды толғандырып жүрген мәселелердің шешімін табуға құлшына кіріскен партия ісіне сәттілік тілеп, қолдау білдіру кез келген азаматтың парызы. Сонда ғана Жаңа Қазақстанды құру жолында еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне үн қоса аламыз.

Нұрлы Еділов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста