"Алматы-Өскемен" автожолының 54 шақырымында көліктердің соқтығысуы салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай 30 қаңтарда болды.
Mersedes-Benz және Ford автокөліктерінің қатысуымен болған жол апатынан екінші көлік отқа оранды. Соның салдарынан Ford-тың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, қажетті сараптама жұмыстары жүргізілуде.
Аталған дерек бойынш а ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына сәйкес Қонаев қаласының ПБ қылмыстық іс қозғады, — делінген хабарламада.