Жетісу облысында автокөлік аударылып, 57 жастағы жүргізуші қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Оқиға 1 ақпан таңертең Сарыөзек - Көктал автожолының 119 шақырымында орын алды.
Hummer H2 көлігінің 57-жастағы жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталуда.
Іс жүзінде қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге тергеу амалдары басталды.