Талдықорғанға кіре берісте жол апатынан төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
28 ақпанда Талдықорған қаласына кіре берісте Toyota 4Runner автокөлігінің қатысуымен ЖКО болды. Жол апатынан 4 адам зардап шекті, олардың арасында жас нәресте және қарт әйел бар, зардап шеккен адамдар ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.
Алматы облысының 48 жастағы тұрғыны автокөлікті басқара алмай, оның аударылуына жол берген.
Оқиға орнында жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтау үшін патрульдік полиция қызметкерлері жұмыстарын жалғастырып жатыр.