19 ақпан Самара-Шымкент автомобиль жолының 1767 -1768 шақырымында (Сырдария ауданы) Mercedes және Opel автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханада, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
Толық деректер анықталып жатыр.
Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Сараптамалар тағайындалды.