Оралда төрт автокөлік соқтығысып, 6 адам ауруханаға түсті

Оралда төрт автокөлік соқтығысып, 6 адам ауруханаға түсті

Орал қаласында төрт автокөлік соқтығысып, 6 адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, оқиға 24 маусым күні түсқайта Зачаган кентінде Е.Брусиловский көшесі мен Орал-Саратов жолы қиылысында болды.

 

«Дэу Нексия», «Лада Ларгус», «Шкода» және «Лада Приора» автокөліктері түйіскен.

 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Зачаган кенті Бірлік көшесі 35-үй тұсында орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша жедел жәрдем сағат 16.35-те шақырылды.

 

«Бес минуттан кейін жеткен жедел жәрдем бригадасымен 2010, 2013, 2017 және 2015 жылғы 4 бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. 2010 жылғы қыз жақ-сүйек, бет хирургиясы бөлімшесіне стационарға жатқызылды. Қалған үшеуі жарақаттары жеңіл болғандықтан, амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Барлық пациенттердің бас-сүйек, іш қуыстары, аяқ-қолдары рентген аппаратына түсірілді. 1988 жылғы жүкті әйелге қалалық көпбейінді ауруханада көмек көрсетілді. Медициналық тексеруден кейін ол үйіне жіберілді. Жағдайы қалыпты. 2000 жылғы жігіт те травматолог, нейрохирург қарағаннан кейін амбулаторлық ем алатын болды», деп хабарлады ведомстводан.

 

БҚО полиция департаменті оқиғаны растап, ақпаратты кейін беретінін жеткізді.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралға тойға келген түркиялық заңсыз мигранттың ұсталып қалғанын жазған болатынбыз.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста