Астанадағы жантүршігерлік жол апатының жаңа кадрлары пайда болды. Көлік LRT бетон құрылымына соғылған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға сәтін оқырман видеоға түсіріп, редакцияның WhatsApp нөміріне жолдады.
Кадрларда көліктің асқан жылдамдықпен LRT бағанасына қалай соғылғаны көрсетілген. Соққыдан көліктің күл-талқаны шыққан.
Еске салайық, жол апаты бүгін, 29 маусымда таңертең болған.
Оқиға салдарынан 43 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.