Ақтөбеде скутер жүргізген 16 жасар бала жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE_of_KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
31 мамыр Ә.Жангелдин мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысында Toyota автокөлігі мен скутер соқтығысқан.
Скутерді 16 жасар бала басқарған.
Кәмелетке толмаған бала оқиға орнында қайтыс болды.
ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге салайық, скутер жүргізушілері велосипед жолымен, ал егер ол жоқ болса, жолдың оң жақ шетінде жүруі керек.