Ақтөбе облысында УАЗ маркалы автокөлік аударылып кетті. Оқиға 6 қаңтар күні таңғы уақытта Шалқар - Бозой автожолында болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
46 жастағы жүргізуші ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғақтан рөлді басқара алмай, жыраға шығып кеткен. Содан көлік аударылған.
Жол апатынан оқиға орнында көліктегі 45 жастағы жолаушы қайтыс болды. Ол — жүргізушінің әйелі.
Полицейлер ауа райының күрт нашарлауына және жолдардағы көктайғаққа байланысты елдімекендерден тыс жерлерге, алыс сапарларға шықпауды ескертеді.