Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ телеграм арнасына сілтеме жасап.
11 ақпан сағат 13:30 шамасында Ақтау-Баянды тас жолының 11 шақырымында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі солға бұрылу маневрін жасау кезінде Mercedes-Benz автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында Nissan Altima автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы алған жарақаттарынан қаза тапты. Бір жәбірленуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Бұл дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-де тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.