Алматыда сұмдық жол апаты болды. Үш жігіт отырған көлік көше жиегіндегі бағанаға соғылып, екіге бөлініп қалған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Оқиға Сайын даңғылы мен Ұлықбек көшесінің қиылысында болған. Zakon.kz мәліметіне сүйенсек, Honda Civic маркалы жеңіл көлік көше жиегіндегі темір бағанаға соғылған.
Жылдамдықты игере алмады ма, көше жиегіне шығып кетіп қайғылы жағдайға ұшырап отыр. Қатты соққыдан көліктің сау-тамтығы қалмаған. ІШіндегі үш адам сол сәтте көз жұмды, — делінген ақпаратта.
Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері барды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.