Сейфуллин даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысында Nissan Patrol джипі мен Lada Granta соқтығысты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Nissan жүргізушісінің айтуынша, ол Сейфуллиннің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан.
Ол бағдаршамның жасыл түсі жыпылықтап, жолды кеспек болғанда қиылыстан Lada атып шыққан.
Сурет: Zakon.kz
Lada Қазыбек би көшесімен шығыс бағытта келе жатқан.
Сурет: Zakon.kz
Екі жүргізуші де бір-бірінен қашуға тырысқан, бірақ онысынан ештеңе шықпаған.
Сурет: Zakon.kz
Алдымен алдыңғы жағымен соғысқан көліктер артынан артқы жағын да бүлдірген.
Сурет: Zakon.kz
Ауыр соққыдан Lada тротуарға ұшып түскен.
Сурет: Zakon.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен Lada жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.