Сіз естідіңіз бе?
Ішінде жұмбағы бар ежелгі бақалшақ табылды
Ағылшын балықшылары 150 млн жыл бұрынғы устрицаны тауып алды. Тас болып қатқан бақалшақты магнитті-серпінді томографиядан өткізген кезде оның ішінде беймәлім дөңгелек нәрсе бар екені белгілі болды.
Күзде туғандар ұзақ ғұмыр кешеді екен
Қыркүйек пен қараша айлары аралығында туған сәбилердің жүз жасау мүмкіндігі жоғары. Чикаго университеті дәрігерлерінің жуырда жарық көрген зерттеуінің қорытындысы осындай.
Көп жүрген адам көп жасайды екен
Ұзақ отырған адам өз өмірін қысқарта түседі. 167 мың адамның статистикалық мәліметіне жүргізілген талдау нәтижесінде осындай тұжырым жасалды.
Ұялы телефондар өкпе ауруын анықтайтын болады
Смартфондар үшін өкпе ауруын дәрігердің көмегінсіз анықтауға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама жасалды. Өнертабыс жуырда клиникалық сынақтан өткізіледі.
Аяқасты ашулану жасөспірімдердің басты ауруына айналып барады
Қазіргі әрбір 12-жасөспірімде «ырыққа көнбейтін ашуланшақтық» ауруының белгісі бар. Гарвард медицина мектебінің дәрігерлері мұны 10 148 балаға жүргізілген тексеру нәтижесінде анықтады.
Төрт ғасыр бұрын өмір сүрген «мыстандар» ақталды
Бельгияның Ньюпорт қаласының билігі XVII ғасырда мыстандығы үшін айыпталып, өртелген 17 адамды ақтап шығарды. Билік өкілдері оларды «тарихи қателік құрбандары» деп тапты.
Омарташылық курс ашылмақ
Елімізде омарташыларға арналған курс ашылмақ. Оқуды тәмам­да­­ған­дарға омарташылық жабдықтар мен бал аралары беріледі. Тіп­тен қажет болса несие де беріледі екен.
Мысықта мың түрлі ғажап қасиет бар
Ғалымдар мысықтардың таңға­лар­лық қасиеттерінің бар­лығын анықта­ды. Олар адамдарды инсульт­тан, буын қабынуынан және арте­риос­­к­ле­роз ауруларынан емдей алады.
Қансорғыштар сүлдесі табылды
Болгарияның археологтері екі қансорғыштың сүлдесін тапты. Олардың денелерінде ұсақ темірлер шаншулы болған.
Ленин өлімінің себебі нақтыланды
Владимир Ильич Лениннің өліміне оның ағзасындағы тұқым­қуалаушылық қасиеттің нашарлауы себеп болуы мүм­кін. Америкалық ғалымдар коммунистер көсемінің мерез­ден өлгені туралы тұжырымды жоққа шығарды.
Миы жоқ адам ғалымдарды таңғалдырды
Ми – адамның басты органдарының бірі. Ол біздің бүкіл денемізді басқарып, сана-сезімімізді тұрақты бақылауда ұстайды. Миды адамның өзі десе де, артық емес. Алайда бұл темірдей тас-түйін тұжырымның тас-талқаны шығады деп кім ойлаған?
Түйме көрсе зәресі қалмайтын адам анықталды
Ұлыбританияның Тайндағы Ньюкасл қала­сының тұрғынынан ерекше фобия анықталды. 30 жас­тағы Луиза Фрэнсис пластикалық түймелерден қатты қорқатын болып шықты.
Кокос майы алжасудан қорғайды
Оксфорд университетінің диетологтері Альцгеймер ауруына шалдыққандардың есте сақтау қабілетін жақсартуға болатынын айтып отыр. Олар бірегей дәріні кокос майынан әзірлеуді ұсынады.
Шолпан жұлдызы шабандап барады
Шолпан ғаламшары бұрынғыдан да баяу айнала бастаған. Мұндай қорытынды Venus Express еуропалық зерттеу зондының көмегімен алынған мәліметтерді талдау нәтижесінде жасалып отыр.
Фамилиясы күрделі адамдар табысты бола бермейді
Табысты болудың бір құпиясы – адамның фамилиясында. Мельбурн университеті жанындағы Психология мектебі ғалымдарының пікірінше, адамның тегін білдіретін атаудың оңай айтылуы оның қызмет пен кәсіби саладағы жетістіктеріне себепші болады.
Ерлі-зайыптылар жиі ұрсысып тұруы керек пе?
Неке берік болуы үшін ерлі-зайыптылар аптасына кемінде бір рет жанжалдасуы қажет. Отбасылық қатынастарға қатысты жаңа зерттеуді жария еткен Үндістан психологтері осындай кеңес береді.
Өсек айту денсаулыққа пайдалы екен
Әйелдердің 85%-ы әлдекімдердің жеке өмірі жайлы білгеннен ләззат алады. Дәл осы жайт олардың денсаулығына жағымды әсер етеді. Психологтер өсектің пайдасы жайлы зерттеулерін жариялады.
Емтиханға кірерде сағыз шайнаған пайдалы екен
Емтихан алдында кемінде бес минут сағыз шайнаған адам тапсырмаларды сәтті орындайды. АҚШ-тың Әулие Лаврентий университетінің зерттеушілері 80 студентті сынақтан өткізіп, осыны растады.
Үш ағайынды бір мезгілде жүрек талмасына ұшырады
Италияда үш ағайынды адамда бір мезгілде инфаркт бол­ды. Медицина тарихында бұрын-соңды мұндай жайт тіркел­ме­ген.
Тоңазытқыш ет өнімдерін зиянды етеді
Тоңазытқышта ұзақ сақталған етті жеу ішек-қарынға зиян. Пәкістан меди­цина инсти­тутының дәрігерлері ет өнім­дерін 10 күннен артық мұздатпауға кеңес береді.