Жерден 20 жарық жылы қашықтықта орналасқан ғаламшарда өмір болуы мүмкін. Ғалымдар Gliese 581d аталатын аспан денесінде тіршілікке қолайлы барлық жағдай бар екенін анықтады.
Астрономдардың мәліметінше, бұл экзоғаламшар қабатында мұхит пен жаңбыр бар. Демек, өсімдік пен жануарлар әлемінің дамуына жағдай жасалған. Бірақ Gliese-дің атмосферасы адам ағзасына аса зиянды көміртегі қостотығына толы. Сол себепті оның аспаны қаракөк түсті. Ғаламшарда ауырлық күші Жердегіге қарағанда екі есе көп. Дегенмен компьютерлік талдау нәтижесі мұнда өзіндік өмір болуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. «Gliese Жерге жақын ғаламшар ретінде бізді қатты қызықтырады. Телескоптардың келешектегі түрлері арқылы біз одан тіршілік белгілерін іздеуді жалғастыратын боламыз», – дейді Париждегі Лаплас институтының докторы Робин Вордсворт. Естеріңізде болса, осы кезге дейін галактикамызда тіршілікке қолайлы делінген 500 млн-ға жуық ғаламшардың бар екені анықталған еді. Жерге ұқсас аспан денесін пайдалану адамзаттың келешек ұрпағы үшін қажет.
Тіршілікке қолайлы тағы бір ғаламшар бізден аса алыс емес
Последние статьи автора