Таяқ жеп өскен бала созылмалы дертке бейім болады

Баланы ұрып-соғу оның қатерлі ісік, жүрек аурулары мен демікпеге шалдығуына себеп болуы мүмкін. Ұлыбританияның Плимут университетінің мамандары балалық шақта жәбір көргендер ағзасының созылмалы дертке бейім келетінін анықтады.
The Telegraph-тің хабар­ла­уын­ша, сарапшылар Сауд Ара­­биясының ешқашан дәрігерге көрінбеген 250 ересек тұрғыны­ның денсаулығын тексерген. Олардан бала кезі туралы сауал­нама алынды. Мұндай әлеумет­тік зерттеу жүрегі мен тыныс алу жүйесі ауыратын 300 адам мен қатерлі ісікке шалдыққан 150 науқас арасында да жүргізілді. Бұл топтарды салыстыра зерт­теудің нәтижесінде бала кезінде жиі жәбір көргендердің 70%-ының бойында қатерлі ісік бары анықталды. Ата-анасы жиі ұрып-соққандардың 30%-ы жүрегі ауыратын, 60%-ы демік­пемен ауыратын болып шықты. Про­фессор Майкл Хиланд бала  кездегі психологиялық жа­ра­қаттың өмір бойына дақ бо­лып қалатынын айтады. Ал ол түрлі созылмалы ауруларға себеп болуы мүмкін. Психолог Хи­лан­д қандай тентектік жасаса да, баланы сабамауға кеңес бе­реді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста