Американың Индиана штатының Индианаполис зообағында тасбақалар жарысқа түсті. Жеңімпаз жәндіктерге жеміс-жидектерден тұратын сыйлық берілді.
Дәстүрлі Zoopolis 500 сайысы Indianapolis 500 автожарысына жасалған пародия тәрізді болды. Тасбақаларға автошабандоздың киімдері кигізіліп, әрқайсысына жеке нөмірлер берілді. Жарыс кезінде жәндіктер мәреге қарай жүрмей, өздері қалаған бағытқа қарай кетіп, ұйымдастырушыларды әбден титықтатты. Бірақ «тасбақалар жарысының қызығы – осында» дейді зообақ қызметкерлері. Мәреге өзгелерден алғаш болып индианалық «автошабандоз» Дэн Уэлдон есімін иеленген тасбақа жетті. Оған бір тәрелке жеміс-жидек тарту етілді. Тасбақалар жарысына барлығы қанша «шабандоз» қатыстырылғаны туралы мәлімет жоқ.
Шабандоздар орнына тасбақалар жарысқа түсті
Последние статьи автора