Мичиган университетінің мамандары пессимизмнің құпиясын ашты. Өмірге құштарлық деңгейі бойынша адамдардың екіге жарылуына Y нейропептиді себеп болады екен.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам миында Y нейропептиді синтезінің көп болуы оның түрлі күйзелістерге төтеп беруін арттырады. Биологиялық белсенді заттар деңгейінің жоғары болуы адамның оптимистік көңіл күйінің сақталуына себепші. Ал нейропептид синтезінің тапшылығы, сәйкесінше, адамның сабырсыздығына түрткі болады. Ғалымдар ашқан басты жаңалық бір бұл емес, олардың айтуынша, аталған молекулалар жиынтығы тұқым қуалайды екен. Демек, өзін-өзі өлтіруге итермелеу де генетикалық бағдарлама бойынша атадан балаға беріледі. Бірақ америкалық мамандардың зерттеуі бұл психологиялық кемшілікті ерте бастан емдеуге жол ашып отыр. Жас баланың бойында қарапайым депрессия белгілері байқалысымен-ақ, оны шизофренияның ауыр түрлеріне жеткізбей емдеп жазу келешек медицинасының міндеті болмақ.
Пессимистік көзқарас тұқым қуалайды
Последние статьи автора