Гетеросексуалдар күнін атап өтуді ұсынады

Дүниежүзінде гейлер фестивалі өткізіледі де, гетеросексуалдардың мерекесі жоқ. Біржынысты махаббаттың уағызы дәстүрлі жыныстық қарым-қатынастың алдын орап кетті. Сол себепті әйел мен ер адам арасындағы нәзік сезімдерді кең насихаттаған жөн. Бразилияның Сан-Паулу қаласының қалалық кеңесі күнтізбеге Гетеросексуалдылық күнін енгізуді ұсынды.
Associated Press агенттігінің хабарлауын­ша, жергілікті билік желтоқсанның үшінші жек­сен­­бісін гетеросексуалдар мерекесі ретінде атап өтілгенін қалайды. Тиісті заң жобасының авторы Карлуш Аполинарудың айтуынша, бұл – гейлер қауымдастығына наразылық емес. Дегенмен ол қызтекелер мен еркек­шораларға жиі көңіл бөлініп жатуын дұрыс емес деп есептейді. Әсіресе, Сан-Паулуда жыл сайын гейлер шеруі діни рәсімдерден де ауқымды, салтанатты түрде өткізіліп жүр. Бразилия қо­ғамының кейбір өкілдері жергілікті биліктің бұл бастамасын қолдамай отыр. Өйткені гетеросексуал­ды­лықты наси­хат­тау гомофобияның күшеюі мен жыныстық көзқарас бойынша алалау­шылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Бразилияда соңғы бір жыл ішінде дәстүрлі емес жыныс­тық ориентация­ның 260 өкілі кісі қолынан қайтыс болған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста