Еркекшоралардың өзгеге жаны аши бермейді
Әйел адамның ағзасындағы тестостерон еркектік жыныс гормонының азғана мөлшерінің өзі оның аяушылық сезімі деңгейін төмендетеді. Демек, еркекшора қыз-келіншектердің өзгеге жаны аши бермейді. Ағылшын және дат ғалымдары мұны зерттеу жүзінде дәлелдеді.
BBC-дің хабарлауынша, Кембридж және Утрехт университетінің зерттеушілері әйел адамдар ағзасындағы тестостерон деңгейінің әсерін есепке алған. Зерттеуге мінез-құлқы ер адамға тән ондаған ерікті әйел қатысты. Олардың 16-сының бойынан тестостерон гормоны анықталған. Психологиялық зерттеу барысында мұндай қыз-келіншектердің өзгелердің көңіл күйін түсіне алмайтыны да белгілі болды. Тіпті бірқатары кісіге мүлдем аяушылық таныта білмейтін болып шықты. Ғалымдар еркекшора қыз-келіншектердің сұқ және аты жоқ саусақтары ұзындығының бірдей болатынын және олардың бала кезінде аутизмге бейім келетінін де айтып отыр.