АҚШ-та Энна Стивенс есімді жеті жасар қыз бала миына жасалған операциядан соң сирек кездесетін неврологиялық ауруға ұшырады. Ол енді тоқтамастан күлетін болды.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, Эннаның сықылықтап күліп жүргеніне бір ай болды. Мұндай ауру күрделі операциядан кейін пайда болған. Қыз баланың миында ісік анықталып, хирургтер оны сылып тастаған еді. Әуелде қыз баланың сол көзінің астында ісік болған. Ньюкаслдағы Виктория королева ауруханасының дәрігерлері оған «ми қатерлі ісігі» деген диагноз қойып, операция жасады. Енді Энна 16 ай сәуле және химия терапиясынан өтуі керек. Бірақ операция кезінде жүйке жүйесіне зақым келген қыз бала өз эмоциясын реттей алмайтын ауруға шалдықты. Дегенмен дәрігерлер арнайы емдеу курсынан соң Эннаның себепсізден себепсіз тырқылдап күлуі тыйылатынын айтады.
Бір ай бойы сықылықтап күліп жүр
Последние статьи автора