Бес жылдан соң әлемдегі ең ұлы сәулет нысандарының бірі Тәж Махал құлап қалуы мүмкін. Үндістан ғалымдары ғимараттың қызыл ағаштан соғылған іргетасының үгітіле бастағанын айтып отыр.
The Daily Mail-дың хабарлауынша, әйгілі ғимараттың іргетасы ежелден Джамна өзенінің суымен шайылып тұрады. Соңғы кездері нысанның отыра бастағаны байқалып отыр. XVII ғасырда Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шахтың тоқалына арнап салғызған алып кесенесі соңғы жылдары туристердің әрекетінен де бұрынғы келбетін жоғалта бастап еді. 2007 жылы Үндістанның сәулет басқармасы ғимаратты қорғау үшін оны көпшіліктің тамашалауына шектеу қойған болатын. Енді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы нысанын қираудан сақтап қалу қажет болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, қалпына келтіру жұмысы дер кезінде басталмаса, бірегей тарихи ескерткіш бес жылдан арыға бармайды.
Әйгілі Тәж Махал құлап қалайын деп тұр
Последние статьи автора