Тақырыбы: "Қосындыны санға көбейту"

  • 40

 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Қосындыны санға көбейту тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; тиімді тәсілмен есептеуге үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмалар орындау барысында сын тұрғысынан ойлауын, дербес жұмыс істеуін, алған білімдерін пайдалана білуін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа ,шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, жеке жұмыс,ыстық орындық, кері байланыс, ой қозғау, деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті балалар! Қазір бізде математика сабағы өтеді. Кім маған
айтады математика бізге өмірде қажет пе?
Математика керек әр күнге ,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз,

Психологиялық дайындық
- Көңіл –күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (қолдарын көтереді)
- Ендеше бастайық!

II Үй тапсырмасын тексерейік
Тақтаға шығару:
1. Ұзындығы 5 см, ені 2см тік төртбұрыштың ауданын тап.
Көбейтудің қандай қасиетін қолдандың?
2. Ұзындығ 5 см, ені 2см тік төртбұрыштың периметрін тап.
Көбейтудің қандай қасиетін қолдандың?
3. Есептерді әр түрлі тәсілмен шығару.
Бір жүйектен 12 кг, ал екіншісінен 9 кг қияр жиналды. Барлық қияр әрқайсысына 7 килограмнан себеттерге бөлініп салынды. Неше себет керек болды

Жұмыстарын бағалау,қорытындылау.
III Білімдерін жан-жақтан тексеру
- Ыстық микрафон
- Көбейтудің қандай қассиеттері бар?
- Тік төртбұрыштың ауданын, периметрін қалай табамыз?
- Шаршынын ауданын, периметрін қалай табамыз?
- Текшеде неше қыры , жағы, төбесі бар? Көлемін қалай табамыз?
- Ұзындық бірліктерін, масса бірліктерін ата.
- 1т = □кг. 1ц=□ кг. 1км =□ м. 1м = □ см

-Кім жылдам?

бағалау парағын толтыру.
IV Сабақтың тақырыбын , мақсатын айту.
Тақырыбы
: Қосындыны санға көбейту
Мақсатымыз: Көбейтудің қасиеттерін қолдана отырып, амалдарды орындайтын боламыз.
V Жаңа сабақ
Дәптерде
:
5-ақпан
Сынып жұмысы.(жазу)
Көркем жазу: 2 2 2 32 302 222.
Тапсырманы орындаймыз
(3+4) •2=
Сонымен :
Қосындыны санға көбейту үшін :
1) қосындының мәнін есептеп, нәтижені санға көбейтуге болады.
2) санды әр қосылғышқа көбейтіп, алынған нәтижелерді қосуға болады.
-үлестірімділік қасиеті
Неше тәсілмен шығардық? (2)
Тақтада: (түсіндіріп шығару)
(40+50)•2=
(20+50)•4=
сергіту сәті
VI Бекіту
- Оқулықпен жұмыс
№3, 37 бет. (1.2 оқушы тақтада шығарады)
(14+36)•5= (10+70)•4= (46+24)•7=
(27+73)•8= (10+20)•6=
қорытындылау: қолдаймыз ба? Бағалау.
Математикалық тест.
1. (5+2) • 7 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 40
ә) 39
б) 49
2. (40 + 20) • 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 840
ә) 480
б) 300
3. 48: 8 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 3
ә) 7
б) 6
4. 120 – 20 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 100
ә) 80
б) 90
5. 180 •0 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 180
ә) 0
б) 1
оқушылар жұмыстарын ауыстырып тексереді.
Дұрыс жауабы:
1. б) 49
2. ә) 480
3. б) 6
4. а) 100
5. ә) 0
ой қозғау.
8 ○ 8○ 8○ 8 =1
8 ○ 8○ 8○ 8 =2
сұрақтарға жауап беру
* не артық 99кг ба, әлде 1ц ме?
* үлкен шаманы ата: 70ц. 70кг. 70г.
* Бір қорапқа 7 қарындаш сыяды. Осындай 8 қорапқа неше қарындаш сыяды?
VII Қорытынды
Нені өттік? Қосындыны санға көбейту үшін .....
Сабақ ұнады ма?
Ү/ж деңгейлік тапсырма тарату
Бағалау (бағалау парағы бойынша)
Рефлексия: қызыл алма, жасыл алма, сары алма
жасыл алма туралы мәліметтер.

Автор
Последние статьи автора
  • 334
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 478
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста