Сабақтың тақырыбы: Көлдер

Сабақтың тақырыбы: Көлдер

Алматы қаласы
Әуезов ауданы
№97 жалпы білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ДулатбаеваГ.О.

Пәні:қазақ тілі
Сыныбы:8 «А»


Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Қазақстан жеріндегі көлдермен таныстыру, суға байланысты сөздердің мағынасын түсіндіру, «Судың да сұрауы бар» деген мақалдың маңызын түсіндіру.
2. Дамытушылық: берілген мәліметтердің мағынасын түсініп өздері жеткізе алуға дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: адамзаттың сусыз өмір сүре алмайтындығымызға тоқталып, суды үнемдеуге шақыру.
Сабақтың түрі: әңгімелесу, түсіндіру
Көрнекіліктер: Қазақстан картасы, ТДМ-7, презентация, ойындар, суреттер

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі
Білімділік міндеттері:
Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету;
Оқушыларды қарым қатынасқа психологиялық дайындау;
Сабақ кезеңінің мазмұны
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Білімділік міндеттердің орындалу көрсеткіші
Мұғалім мен оқушылардың мейірімді көңіл-күйі
Оқушылардың жұмысқа жылдам көңіл бөлуі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Білімділік міндеттері:
А)үй тапсырмасының орындалу деңгейімен сапасын тексеру;
Ә)кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

Сабақ кезеңінің мазмұны
1.Берілген оқу материалдарын игеру деңгейін анықтау
2.Оқушылардың қателіктерінің болу себебін анықтау

«Қарлы кесек» ойыны бойынша үй тапсырмасын тексеру.

• Тау деген не?
• Таулар қалай пайда болған?
• Таудың биік басына қарай климат қандай болады?
• Қазақстандағы қандай тауларды білесіңдер?

3.Өткен сабақ пен жаңа сабақты сабақтастыру
Міндеттері:
А)өткен сабаққа шолу
Ә)өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру;
Алдыңғы сабақтарда біз «Таудың пайда болуы» тақырыбымен таныстық, енді бүгін « Көлдер» тақырыбымен танысамыз, тапсырмаларды орындаймыз.

4. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі
Білімділік міндеттері:
грамматикалық форманы, жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту
Сабақ кезеңінің мазмұны
Оқушының назарын сабаққа аудару
Оқу материалындағы негізгі ойды хабарлау
Презентация. Картамен жұмыс.
1.Жаңа сөздер мен сөз тіркестері алдын-ала интерактивті тақтаға жазылып, сәйкестендіру арқылы түсіндіріледі.

Бұлақ Самый глубокий
Құрлық Сибирь
Құм Родник
Кейбір көлдер Материк
Сібір Песок
Ең терең Некоторые озера

2.Сөздерді мұғалім мәнерлеп оқиды.
3.Оқушылар дауыстап қайталап оқиды, бір-бірден оқиды.
4.Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
5.Мәтінмен жұмыс
Мәтін алдын-ала интерактивті тақтада жазылып тұрады.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ат қойыңдар.
Көлдер құрлық бетіндегі үлкен ойпаң жерлерде пайда болады. Өзендер ойпандарға құйылып және көптеген көлдерден ағып шығады. Өзендер сумен балшық пен құмды ағызып әкеледі. Сондықтан кейбір көлдер ластанады және құрып кетеді.
Кейбір көлдерден сулар ағып шықпайды. Мұндай көлдерді ақпайтын көлдер деп атайды. Ал кейбір көлдерден су ағып шығады.Бұларды ағатын көлдер деп атайды.
Мұғалімнің қосымша материалдарды пайдалануы.

5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі
Міндеті: жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

2-тапсырма. Сөйлемдердегі сөздердің керекті әріптерін қойып жазыңдар.
1)Тұма – к...шірекбастау, бұлақ.Жер аст...нан шығып жатады.
2)Бұлақ - басы бастаулардан басталып, баяу ағ...тын к...шігірім су.

6. Жаңа материалды бекіту кезеңі
Білімділік міндеті:жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.
Сабақ кезеңінің мазмұны
Жеке білім мен іс-әрекет амалдарды біртұтас жүйелі білім, білікке айналдыруда оқушылар жұмыстарын ұйымдастыру

3-тапсырма. Мәтінге диалог құрап, өзара сөйлесіңдер.
• Қазақстанда қанша көл бар?
• Ірі көлдерді ата.
• Әлемдегі және Қазақстандағы ең ірі көл қай көл?
• Каспий көлін неге теңіз дейді?
• Әлемдегі ең терең көл қайда орналасқан, қалай аталады?

Сабақты бекіту мақсатында «Көлдер» ойынын ойнату.
Ойынның шарты бойынша оқушылар тақырыпқа байланысты сөздерді интерактивті тақтаны пайдаланып шеңбердің ішіне кіргізеді.

7. Жаңа сабақты қорытындылау
Міндеті: сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру.
Сұрақтарға жауап беру.
Көл қалай пайда болады?
Өзендер қайда құйылады?
Өзендер нені ағызып кетеді?
Сулар ағып шығатын және су ақпайтын көлдерді қалай атайды?
8. Үй тапсырмасы
Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру
182- бет, 2- тапсырма (әңгімелеу)
9. Сабақтың бағалау кезеңі
Міндеті:өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту, т.б.)
Сабаққа қатысып отырғандарына қарай бағалап, бағаларын күнделікке қою.
10. Рефлексия кезеңі
Міндеттері:
• Оқушының көңіл күйін, іс-әрекетін, оқушылар мен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау;
• Оқушылардың өзін-өзі ұстай білуі және ынтымақтастық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету
- Нені білдіңдер?
- Нені білгілерің келеді?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста