Сабақты тақырыбы: «Абай жолы» романындағы бөлімдерді СКТ технологиясы бойынша оқыту

Сабақты тақырыбы: «Абай жолы» романындағы бөлімдерді СКТ технологиясы бойынша оқыту

М. Әуезов "Абай жолы" романы "Қайтқанда", "Шытырманда", "Жолда"
/сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша/

Пән: әдебиет
Сынып: 9 «Б»
Мұғалім: Жилхайдарова Рабиға Абдумәлікқызы
Астана қаласы
«№ 66 мектеп-лицей»

 Сабақтың мақсаты:
 «Абай жолы» роман-эпопеясындағы образдар галереясы, оның эпопеяның алтын діңгегі Абаймен бірлестікте алынуы туралы түсінік беру. Эпопеяның өн бойындағы Абай дәстүрі, ұлылар үндестігі жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, оқушыларды ғылыми ізденіске жұмылдыру.
 «Абай жолы» роман-эпопеясынан алған білімдерін жинақтау, қайталау; іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға жетелеу.
 Оқушылардың өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту. Білімді оқушылық деңгейден анализ, синтез, шығармашылық деңгейге көтеру.
 Адамзат әдебиеті, мәдениеті, өнері, рухани байлығынан іздену, оны құрметтеуге баулу. Әдемілік, сұлулықты қабылдауға, ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: талдау
Сабақтың әдісі: сатылай кешенді талдау оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: сызба плакаттар, суреттер, қима қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
І. Оқушылармен амандасу
ІІ Түгендеу
ІІІ. Сабаққа шолу жасау

Оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеті туралы айтылды және талқыланды. Оқушылар үш топқа бөлінеді:
І топ «Болашақ»
ІІ топ «Тұлпар»
ІІІ топ «Сұңқар»

Топтардың мақсаты- «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда», «Жолда», «Шытырманда бөлімдерін» талдау және ұрандары мен таныстыру жұмыстарын жүргізу.
«Болашақ» тобы «Қайтқанда» бөлімін талдайды
«Тұлпар» тобы «Жолда» бөлімін талдайды
«Сұңқар» тобы «Шытырманда» бөлімін талдайды.
Сабақтың мақсаты түсіндіріліп болған соң, мұғалім әр топқа 7 сұрақтан тұратын тапсырмалар таратылды. Орындауға уақыт берілді.

Болашақ тобына

1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)
2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)
3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)
4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)
5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (құнанбай - Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)
6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)

Тұлпар тобына.

1. Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)
2. Абайдың руы. (Тобықты)
3. Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)
4. Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)
5. «Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (мағауия)
6. Табиғат лмрмкасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)
7. Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

Сұңқар тобына

1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)
2.Абайдың «қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі қаражанға)
3.Абайдфң алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)
4.Абайдың «Ей сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма! ...» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (мағауияның өлімі)
5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
6.Абайдфң баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)
7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп болған соң, әр топ өз бөлімдерін талдауға кіріседі, уақыт беріледі. Әр топ бөлімдерін талдаған кезде ұрандарын және өздерін таныстырып өту қажет, әр топқп 7 минут уақыт берілген.
Сатылай кешенді талдау оқыту технологиясының талдау үлгісі:
1.Авторы
2.Тақырып
3.Әдеби жанр
4.Эпикалық жанр түрі
5.Шығарманың негізгі идеясы
6.Шығарманың композициялық құрылысы
6.1.Сюжеттің басталуы
6.2.Сюжеттік байланыс
6.3.Шиеленісуі
6.4.Шарықтау шегі
6.5.Шығарманың шешімі
7.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі
7.1.Жағымды
7.2.Жағымсыз
8.Әдеби-теориялық ұғымдар
8.1.Троп немесе құбылту
8.2.Фигура және айшықтау
9.Түсіндірме сөздік
10.Тәрбиелік мәні

Оқушылардың СКТ технологиясына көзқарастары қандай екендерін білу мақсатында әр топтан оқушылыр өз ойларын ортаға салады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста