С. Торайғыров. Кедей

С. Торайғыров. Кедей

Сабақтың тақырыбы: С. Торайғыров. Кедей.
Шығыс Қазақстан облысы
Зырян қаласы
«№9 орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Нурсалова Нургуль Кусмановна

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың мақсаты: 1. Өлең мазмұнымен таныстыру, С, Торайғыров өмірі мен
шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, өлең
мазмұнын ашу.
2. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік
жұмыс істеуін,ізденіс, шығармашылық қабілеттерін
дамыту.
3. Басқаның пікірін тыңдай білуге, кейіпкер тағдырын
түсініп, ортақтаса білуге баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс- тәсіл: көрнекілік, сұрақ- жауап, әңгімелеу, салыстыру, топпен жұмыс, сто стратегиялары.
Көрнекілік: Автор портреті, бағалау парағы, шығу парағы, Венн диаграммасы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу.
2. Психологиялық дайындық:
Сәлем бердім, нұрлы күн,
Сәлем бердім, қонақтар.
Сәлем, сізге ,ұстазым,
Сәлем саған, достарым.
Қара енді жан- жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қарашы,
Кітап, дәптер қаламың?
Барлық құрал орнында
Басталады сабағым.
Мұғалім: Жақсы, балалар, олай болса сабағымызды бастайық. Бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Өз білімімізді көрсете білейік, сендерге сәттілік тілеймін.
Мақсат қою
Бүгін сабақта С. Торайғыровтың «Кедей» өлеңімен танысамыз, Торайғыров өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат аламыз. Әртүрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өз бетімізбен жұмыс жасауға, ізденуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеміз. Басқаның пікірін тыңдап, кейіпкер тағдырын түсіне білуге үйренеміз.
Бағалау парағын тарату.
Үй тапсырмасын сұрау: Б. Майлин. «Күлпаш»
Әр топқа сұрақ таңдату:
1. Күлпаштың сырт келбеті мен үй- іші туралы әңгімеле.
2. Алты айғы қыс азабы, халықтың ауыр тұрмысы жайлы әңгімеле.
3. Мақтымның сырт келбеті жайлы әңгімеле.
4. Мақтым, Күлпаш, Қали арасында болған әңгіме.
Бекіту: «Бәйге»
І- топ:
1. Өтіп жатқан тарау қалай аталады?
2. Тарих сөзін қалай түсінесің?

ІІ- топ:
1.Қазақ халқы қандай қиын кезеңдерді басынан өткеріпті?
2.Ресей патшалығының көздеген мақсаты не?

ІІІ- топ:
1.Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесіндегі оқиға қай жылдары болған?
2.Б. Майлин кім?

І V- топ:
1. Ашаршылықтың басты себебі не?
2. Ашаршылық қазақ халқына қандай зиян келтірді?

Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту: «Ой қозғау»
1. Өлең оқу:
Жырлағаным- кедейдің жыры,
Сырлағаным- кедейдің сыры.
Сырым да бір, жырым да бір-
Мендағы сол кедейдің бірі.
Сұрақ: Өлең не туралы?
Кедей сөзі кімге қатысты айтылады?
Олай болса, сендердің ойларыңша кедей деген қандай адам?
Суреттеп жазып жіберейікші.
1. Өз ойларын қағазға түсіру.
2. Топта талдау.
3. Әр топтан бір оқушыға оқыту.

2. Сонымен біз бүгін тағы да кедей жайлы сөз қозғамақшымыз. Көптеген жылдар бұрын болған Ресей үкіметінің әміршілдік саясатының, ашаршылықтың біз үшін бүгін қандай маңызы бар деп ойлайсыңдар?

Ал, енді біздің бүгінгі оқитын өлеңіміз қай кездегі кедей туралы екен? Ол туралы С. Торайғыровтың «Кедей» атты өлеңінен білеміз?

Автор жайлы мағлұмат:

 

 

Өлең оқу: С. Торайғыров. «Тіл туралы»

Мағынаны тану:
1. «Кедей» өлеңін аудиожазбадан тыңдау.
2. Оқушылардың оқуы.

Өлеңді талдау:
1. Өлең кім туралы екен?
2. Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атады деп ойлайсың?
3. Өлеңде қай мезгіл суреттелген?
4. Табиғаттағы күзгі өзгерістер суреттелген тұсын тауып оқы.
5. Кедейдің ауыр тұрмысы қалай бейнеленген?
6. Сен өлеңді басқаша қалай атар едің?
7. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдың?

Сергіту сәті: (топтарға бөліну)

Ой толғаныс:
1. Венн диаграммасы:
Б. Майлиннің «Күлпаш» әңгімесі мен С. Торайғыровтың «Кедей» өлеңін салыстыру.
2. Топпен жұмыс: (дәлелдеу)
1. Қазіргі кезде кедей жоқ.
2. Қазіргі кезде де кедей бар.
3. Қазіргі кездегі кедей мен бұрынғы кездегі кедейдің айырмашылығы
көп.
4. Қазіргі кездегі кедей мен бұрынғы кездегі кедейдің айырмашылығы
жоқ.

Цифрлы диктант: (иә - 1, жоқ – 2)
1. Ашаршылық 1930- 1932 жылдары болды. (иә)
2. С. Торайғыров «Кедей» әңгімесін жазды. (жоқ)
3. С. Торайғыров - батыр. (жоқ)
4. С. Торайғыров өлеңдерінде кедей, бай, еңбек, оқу – білімнің пайдасы туралы жазды. (иә)
5. «Кедей» өлеңінде кедейлердің ауыр тұрмысы суреттеледі. (иә)
6. Жаурады сөзінің мағынасы жылыну. (жоқ)
(122 112)

Кедейлік, байлық жайлы мақал- мәтел айту
Қорытынды: Не білдім? Пікір. Не білгім келеді?
Бағалау
Үйге тапсырма
: «Кедей» өлеңін жаттау.
Қалауы бойынша орындау:
1. «Кедейдің өмірі» шағын әңгіме.
2. С. Торайғыров жайлы реферат.
3. Өлең мазмұны бойынша сурет салу.


Сабақ аяқталды

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста