«Қош, аяулы әліппе!»

«Қош, аяулы әліппе!»

 Бакыткул Жакина Айтмановна Қарағанды обл,Октябрь ауданы №51НОМКММ
Бастауыш сынып оқушыларының «Қош, аяулы әліппе!»  атты іс-шарасының бағдарламасы

Тақырыбы: - «Қош, аяулы әліппе!»
Мақсаты: - Әліппе оқулығына оқушының ерекше құрметті, бағасы, мектеп өміріндегі оқулықтың орнын түсіну. Оқушыларды жаңа оқулығымен таныстыру, қызығшылықтарын арттыру. Әліппені салтанатты түрде атап өту.
Барысы:
Мұғалім: -Сәлеметсіздер ме, бүгінгі салтанатқа жиналып отырған қауым! Ия, жиналып отыруымызға себеп – кеше ғана оңы мен солын танымаған «А»-ны әріп деп білмеген ойын балалалры төрт ай ішінде сауаттанып, хат танып, өздері оқып жаза білер дәрежеге жетті, кеше ғана дәптер деген нәрсені шимайлай ғана білген кішкене бүлдіршіндер бүгінгі күні дәптер жолымен түзу, әдемі етіп жаза алатын болып, сіздерді, ата-аналарын осындай салтанатқа шақырып отыр. Осы жетістіктерге олар алғаш қолдарына ұстаған кітаптары «Әліппе» арқылы жетіп отыр. Ендеше, әліппемен қоштасуға арналған мерекені бастауға рұқсат етіңіздер!
Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Бүлдіршіндерді шақырайық ортаға!

(көңілді әуенмен залға екі-екіден оқушылар кіреді, қол шапалақтайды)
- Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі мерекемізді бастамас бұрын ата-бабамыз аңсаған, армандаған Тәуелсіздігіміз, қасиетті, қасіретті Желтоқсан айы туралы тілге тие кеткенді жөн санап отырмыз.

1-жүргізуші Наргис: - Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де, Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым, Гүл-гүл жайнап біздің мына төрімізге!

2-жүргізуші Ибрагим: - Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындауымыздың нәтижесінде, біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік.

1-жүргізуші Наргис: - Қазіргі кезде біз ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Білім алуға біз үшін мүмкіндік мол.(ортаға оқушылар шығады, бастарына ОТАН сөзінің әріптері жазылған,
тақпақ оқиды) (О әрпі) Шыңғыс: Біз Отанды қаралауға бармадық,
Сондықтан да қолға қару алмадық,
Қайта қолда қаруымыз сөз болып,
Біз Отанды әділетті қорғадық!

(Т әрпі) Аңсар: Желтоқсан айы естісең,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күйі қашаннан,
Көкейін елдің тескенсің.

(А әрпі) Даяна: Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең, жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз?

(Н әрпі) Дамир: Жібердік еркін ат басын,
Қиянат жанға батпасын.
Тоқырау таңын күйреттік,
Тек «Теңдік күні батпасын!»

Мұғалім: -Міне балалар, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің белгілі топтар бейнесінің бірігуін білдіретін – рәміздеріміз бар.
Ортаға 3 оқушы АНА сөзінің әріптерімен шығады.
Және бастарына елтаңба, жалау, әнұран сөздері жазылған.

Мұғалім: - Міне, сендер Отанымыздың болашақ ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып, үлгілі тәрбие, өз еліңді, жеріңді көркейтіп Қазақстан намысын қорғайтын, келешек ұрпақтың тірегі сендер болмақсыңдар.

2-жүргізуші Ибрагим: - Қазақстан Республикам, мақтанышым!
Мен сені жырламаймын мақтан үшін.
Құдайым бізге құттай жүрек берген,
Лүпілдеп, сені сүйіп, сақтау үшін.

1-жүргізуші Наргис: - «Балдәурен» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші Наргис: - Әліппемен қош айтысып,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Мұғалім: - Балалар! Ең алғаш қолымызға ұстаған кітабымыз...

Балалар хормен: - Әліппе кітабы!
Мұғалім: - Дұрыс, ендеше ортамызға білім беріп, әріп үйреткен сүйікті Әліппемізді шақырайық.

Балалар хормен: - Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе: - Армысыздар, жас достар,
Армысыздар, ата-аналар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Құттықтаймын сіздерді!
Бүлдіршіндер, балғындар,
Білім деген ғажаптың,
әліппесін меңгерген
келешегі қазақтың
Басталады сендерден!
Құрмет көрсеткендеріңе көп рахмет!
Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге келдім.

2 жүргізуші Ибрагим: - Әліппе, енді төрге шығыңыз, жайғасыңыз. Бүлдіршіндердің өнерін тамашалаңыз.

(А әрпі) Нұржан: - Бізді алдан тосады,
Арман биік ұшады.
Күндей ыстық қашанда
Мектеп-ана құшағы!

(Т әрпі) Арсен: - Біз оқушы баламыз,
Оқып білім аламыз.
Мектеп ұям өзіңе
Араналады бұл әніміз!

1 жүргізуші Наргис: - «Аяулы мектебім! әнін қабыл алыңыздар!

(А әрпі) Жансая: - Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым атасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы!

Мақсат: - Әліппем, менің әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен!

Ернұр: - Әліппе деген – алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа!
Мектебің мынау, классың,
Осында көп жыл тұрасың.
Тары дай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!

Аружан: - Еркелік жоқ кешегі,
Оқушымын көшелі.
Білім алып ойым мен,
Бойымда енді өседі!

1 жүргізуші Наргис: - Әліпбидің «А» тұрады басында,
Әрқашада «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба: «Б» тұрады үшінші,
Сыры неде осылардың түсінші.

Балалар хормен: - «А» деген ол аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол балалар ғой әдемі.
Біздің елде үшеуіде кәделі!

Даяна: - Біз енді өзіміз –ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.

Әліппе: - Балалар мен сендердің мына өнерлеріңді көріп риза болып отырмын. әліппені өте жақсы оқып аяқтаған екенсіңдер. Енді сендер ана тілі оқулығын оқисыңдар. Жақсы оқитындарыңа мен сенемін.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің беске толсын!
Қош, сау болыңдар жас достар!!!
(әліппе кетеді)

Ана тілі: - Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар хрмен: - Сәлеметсізбе ана-тілі!

Ана тілі: - Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын! Енді сендер бұрыңғыдан да көп оқисыңдар. Ақын-жазушылардың ертегі -әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Мен сендердің жақсы оқитындарыңа сенім білдіремін.
Сендар аз уақыт ішінде көп нәрсе үйреніпсіңдер, осының бәрін үйреткен кім:

Балалар хормен: - меткеп, мұғалім, әліппе, ата-ана.

2 жүргізуші Ибрагим: - Ана тілі төрлетіңіз!
2 жүргізуші Ибрагим: - Мұғалімді анамдай жақсы көремін,
Қиналамын, қымбат теңеу таба алмай.
Өз шаруасын тастап кетіп артына,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай!

Арсен: - Алдыңа келіп, ұстазым,
Тұңғыш қалам ұстадым.
Күлімдеген көзіңнен,
Мейірімің сезілген.

Ақмарал: - Жүзің жылы, құшағың кең,
Сене түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге ұшамын мен:

1 жүргізуші Наргис: - Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны – адамдық.
Текті мінез, даналық,
Бар ұстазға тілейміз!

Балалар хормен: - бақыт, табыс, амандық, рахмет ұстазға!!!

2 жүргізу Ибрагим: - Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,
Бабалардың есімі әулетте таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңына,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар!
Келесі сөз кезегін мектеп директоры Уразгуль Гапаровнаға беріледі.

1 – Мектеп директоры сөз сөйлейді.
2 – Оқушыларға дипломдар тапсырылады.
3 – Ата-аналар арасынан тілек білдірушілер сөз сөйлейді.
4 – Мереке аяқталады

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста