Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дидактикалық ойын арқылы дамыту

Логика дегеніміз ойлауды дұрыс құрудың заңдары мен формалары, ережелері жәйлі философиялық ғылым. Логика пәні негізінен адамның ойлау үрдісін зерттейді. Ал ойлау дегеніміз алуан түрлі астары бар аса күрделі процесс. Логика ойлау үрдісін ең алдымен дүниені танып білудің нәтижесі, сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың ой-санада бейнеленуі деп қарап, сол бейнеленудің дұрыс формалары мен заңдарын, ережелерін қарастырады. Логикалық ойлау ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығына, олардың шындыққа сай келуінде.Логикаға тускен құбылыс түсінділерді, себептерді мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық жолмен ашылады.

Дидактикалық ойын оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі. Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет: - ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы; - баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді; - өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы; - сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс; - тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі; - балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі болуы.

Ойын үстінде балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым - қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Ойлау дегеніміз, ең алдымен шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Cебебі, заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері арқылы танып білуге болмайтын ішкі қасиеттерін, мәнімен сырын тек ақыл-ой арқылы, ой қорытындылар жасау арқылы ғана танып біле аламыз.Сондықтан мектепалды даярлық топтарында,ересектер топтарында баланың көрнекі - әрекеттік және көрнекі - бейнелілік ойлау түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет. Көрнекі-әрекеттік ойлау - нақты заттарды пайдаланып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс &ndash әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады.Көрнекі - әрекетті ойлауды жетілдірудің негізгі жолдарының бірі,балалардың алдына бір белгілі мақсат қоя отырып, ойыншықтармен, құрылыс заттарымен жұмыс жүргізу көзделеді. Мысалы: «Несі ұқсайды, қандай айырмашылығы бар?», «Қайсысы артық?» ойыны арқылы балалар екі затты салыстырып, айырмашылығын айта алады. Немесе «Бір сөзбен ата» ойыны арқылы балалардың заттарды жинай білу қабілеті дамиды. Көрнекі- бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, әртүрлі бағыттарын, әртүрлі әдіс- тәсілдерін табу қабілеті дамиды. Жетілдіру жолдары: сызбалармен жұмыс, тізбек құру, үстелге қойып ойналатын арнайы ойындар (шахмат,текшені лақтыру арқылы ойналатын ойындар). Сөздік - логикалық ойлау - сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді.Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік - логикалық ойлауын дамыту құралы ретінде жұмбақтарды, қызықты есептерді, логикалық жаттығұларды,сан - алуан сөзжұмбақ, ребустарды, логикалық ойындарды т. б пайдалануға болады.

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап, жағымды қарым &ndash қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл &ndash күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал &ndash

жабдықтар, атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. Мектеп жасына дейінгі бала күн сайын жаңа құбылыстармен заттармен кезігеді, айнала өмірді бақылап, өздігінен түсініп, қорытынды жасағысы келеді. Бірақ тәрбиешінің басшылығынсыз, өздігінен игерген білімі мен түсініктері жүйесіз, кейде таяз, қате болады. Сол себептен тәрбиешінің міндеті баланың білім қорының бірізді молаюына, бірте- бірте, ретпен, жүйелі жинақталуына көмектесу болып табылады.

Сарипова Зәуреш Серікқанқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы

ТОО «Лада» балабақшасы

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. И.Н. Мурашковска, Н.П.Валюмс «Картинки без запинки» Санкт-Петербург 1995 г.

2. О.Ушакова «Развитие речи детей».

3. Эдварда де Боно.Технология «Шесть шляп мышления». 4. https://infourok.ru/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста