Көмекші мектепте түзете-дамыта оқыту жұмыстарының ерекшеліктері

Көмекші мектепте түзете-дамыта оқыту жұмыстарының ерекшеліктері

Арнайы педагогикада, сондай-ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастап бастау алды. Психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалардың танымдық қабілеттерін тексеруге, ең алдымен, олардың эмоциясына назар аударған жөн.

Бұл балалардың эмоциясы көбінесе өзгеріске ұшырап отырады. Олардың қалыпты балалардан ерекшелігі - олардың әлеуметтік ортаға бейімделуімен, мінез-құлықтарымен және іс-әрекеттерімен ерекшеленеді. Арнайы білім беру кеңістігінде ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі түзете-дамыта оқытумен қатар, жас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес танымдық қызметін дамыта отырып, әлеуметтендіру мәселесіне де баса көңіл аудару керек. Егер адам қоғамдық өмірге белсене араласып, өзін сол әлеуметтік ортада жақсы сезіне алса және туындаған қиыншылықтарды өз бетінше шеше алатын жағдайда болса ол адамның әлеуметтік ортаға, өмірге бейімделгендігін көрсетеді[1].

Л.С.Выготскийдің пікірі бойынша, бала өмірге келісімен-ақ әлеуметтік тұлға болып есептеледі және адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Ол сол сәттен бастап -ақ қоғамның толық құқылы мүшесі ретінде өмір сүруі тиіс. Түзете-дамыта оқыту жүйесінде бала мен мұғалімнің өзара бірігіп жұмыс жасауына арнайы педагогикалық жағдай жасалуы керек. Мұғалім ең бірінші баламен эмоциялық байланыс, баланың қабілетін және даму деңгейін ескере отырып, оқытудың тәрбиелік - білімділік мақсаттарын айқындау, оқушыға даму деңгейіне сай келетін қоғамдық тәжірибені ұсына білуі қажет. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері: -күрделі оқу материалы бөлімдерге жіктеледі;-оқыту үрдісі баяу өтеді; -оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасайды; -оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді; -сақталған, сау анализаторға сүйену қажеттілігі. Оқу материалын саналы меңгеру &mdashбұл күрделі процесс, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын енгізуді білдіреді. Мысалы, зиятында ауытқушылығы ерекше оқытуды қажет ететін балалардың танымдық әрекеті анық айқындалған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие. Түзету жұмысының маңызды кезеңі-нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететін арнайы құралдар пайдалану болып табылады. Сабақтың жоспарын құру кезінде педагог сабақтағы іс-әрекеттің, көрнекіліктің, сөздердің ұтымды қиюласуын алдын-ала болжай білгені жөн. Оқытудың әдістерін бірлестіру оқушылардың оқу материалын игеру мүмкіндіктеріне байланысты болады. Көбінесе сабақта сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер қолданылады. Проблемалық ситуацияларды да қолдануға ерекше назар аударуы тиіс. Проблемалық оқыту барысында мұғалім оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістерін кеңінен қолданады[2]. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жүргізгенде мұғалімнің мынадай кеңесті есте сақтағаны жөн:

-Баланың әлсіз жақтарына назар аударыңыз.

-Материалдың маңызды жақтарын кішкене бөліктермен ұсыныңыз.

-Мүмкіндігінше көбірек қайта айтыңыз және бекітіңіз.

-Баланы жетістігі үшін мақтап қоюды ұмытпаңыз.

-Тапсырманың орындалуын талдаңыз.

-Егер балаға тапсырманың орындалу барысын қайта көрсету керек болса, шыдамды болыңыз.

-Мүмкіндігінше тапсырманы бөліктерге бөліп, жеңілінен ауырына көбейтіп беріңіз.

-Ата-аналарына балаларындағы қозғалысты көруге көмектесіңіз.

-Балаларға жаңа білім мен дағдыларды бекіту үшін уақыт пен мүмкіндік беріңіз.

Ерекше оқытуды қажет ететін балалармен атқарылатын жұмыстың негізгі мақсаты-оларды асықпауға, өз әрекеті туралы алдын-ала ойлануға, уақытын үйлестіре білуге үйрету. Сондықтан олармен жұмыс істеуде мұғалімнен ерекше байсалдылық пен шыдамдылық, эмоциясының тұрақтылығы, зор жауапкершілік талап етіледі[3]. Ақыл-ойы кемістігі бар балалардың ауызша сөйлеу тілінде дыбыс айтылуының бұзылысы көптеп кездеседі. Оның бірінші себебі&ndashтанымдық қызметі дамуының артта қалуы, екінші&ndashфонематикалық қабылдауының төмен деңгейде болуы. Сөйлеу тілінің 430 дыбыстық құрылымының дұрыс қалыптасуында &ndashөзге адамның сөзіндегі дыбыстарды анық қабылдаудың маңызы зор. Дыбысты дұрыс айту үшін, ұқсас және басқа да дыбыстардан ажырата білуі керек. Егер, бала дыбысты естіп қабылдамаса, ол дыбыстың дұрыс айтылуын да бақылай алмайды. Фонематикалық қабылдау дегеніміз &ndashтіл дыбыстарын ажырату және сөздің белгілі дыбыстық құрамын айыра білудің арнайы әрекеті. Үшінші себебі&ndashжалпы және сөйлеу моторикасының дұрыс дамымауы. Ұсақ қол моторикасы мен сөйлеу аппаратының қимыл-қозғалысындағы бұзылыстар &ndashбалалардың сөйлеу тілінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Төртінші себебі&ndashтістердің дұрыс орналаспауы, қатты таңдайдың биік немесе жалпақ болуы, тілдің ұзын немесе үлкен болуы, жақ сүйектерінің қисық болуы және т.б., яғни артикуляция мүшелеріндегі олқылықтар дыбыстардың дұрыс айтылуына кедергі болады [4]. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т.б. қолданылады. Ойын технологияларының мазмұнына ойын іс-әрекетінің басқа да тәсілдерімен үйлесімділігінде түрлі компоненттерді қолдану кіреді:

сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірмелер, анықтамалар, көрсетулер. Заманауи «Сөйлейтін әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам», «Киіз үй», «Бал-бала» ойыншықтары, дамытушы ойындарымен ойнап қана қоймай, сонымен қатар, оқу-тәрбие жұмысына мүмкіндік береді. Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамуында ауытқуы бар балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Ақыл-ой кемістігі бар балаларға білім беруде маңызды педагогикалық шарттардың бірі&ndashолардың білім алуға деген қызығушылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі&ndashпәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Мультимедиа мәтін, дыбыс, видео және графикалық сурет және анимация секілді технологияларды біріктіреді. Мұндай түрдегі оқу материалы көз, есту, маторлы үш түрлі анализаторларды іске қосады.

Зияты зақымдалған балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзін-өзі қамтамасыз етуге, еңбекке, тәртіп мәдениетіне бейімдеу қажет. Сонымен қатар ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастикалары менарттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінез-құлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмикасында денсаулықты сақтау және ынталандыру, түзету технологияларының орны ерекше.

 ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.Маллер А.Р. Социальное воспитание и обучение детей с отклонениями в развитии. &ndashМ. АРКТИ, 2005.

2.«Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесінің мәселелері мен даму бағыттары». Г.А Абаев, Э.Т Мукажанова, А.2012

3.«Ақыл&ndashой дамуы ауыр және терең бұзылған балаларды психологиялық-педагогикалық тексеру және жеке дамыту бағдарламасы.» Р.А. Сүлейменова, Г.А.Ильмуратова, А;2010 4.Электронды ресурс: http://www.zkoipk.kz/

Жұмағұлова Гүлнұр Еркінбекқызы

«Арнайы мектеп» КММ,

Өскемен қаласы

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста