АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕРІ

Астана қаласы
№63 «Әсем-Ай» балабақшасы
Тәрбиеші: Қ.О.Қуаныш
Мектеп жасына дейінгі балалар ортаның әртүрлі факторларының ықпалына аса сезімтал болады, өйткені олардың организмі қарқынды даму күйінде тұрады. Атап айтқанда 5-6 жаста көздің қалыпты реакциясы қалыптасады, физиологиялық алыстан көргіштік рефракциясының қалыпты немесе жақыннан көргіштікке өтуі болады, егерде осыған генетикалық алғышарттар бар болса немесе көзбен көру жұмысының шарты генетикалық талаптарға сәйкес келмесе (жарықталынудың төменгі деңгейі, жақын мәтіндер мен суреттер, ыңғайсыз отырыс). Сүйек-бұлшық ет жүйесі қарқынды дамиды, ішкі органдардың және миы қыртысының жұмыс істеуі жетіледі, еркін назар аудару мен баланың жалпы дамуын анықтайтын көптеген басқа функциялар қалыптасады. Сондықтан оқу іс-әрекеттері баланың денсаулығына жағымсыз ықпал етпеуі өте маңызды.
Осыған байланысты, шетел зерттеушілері бала сымбатының нашарлау мүмкіндігіне, қайталанатын зорығулардан аурудың пайда болу мүмкіндіктеріне, көрудің нашарлдауына және отырыстық өмір сүрудің жағымсыз салдарына, семірудің дамуына, сондай-ақ маниторлардың мүмкін болатын сәулелік әсеріне байланысты АҚТ-дың балалардың денсаулығына зиянды ықпалына алаңдаушылық білдіреді.
Компьютер алдында отыратын уақытты шегеріп, осы қауіптердің кейбіреуінен қашуға немесе азайтуға болады.
Developmentally Approprite Texnology for Early Childhood (study; various countries)-DATEC мәліметтері бойынша АҚТ-дың сол немесе басқа аспаптарын балалардың пайдалану уақыты салыстырмалы түрде қысқа болуы тиіс. Үш жастағы балалардың компьютердегі бірдүркін жұмыс істеу ұзақтығы 10-20 минуттан аспауы тиіс.
Приевидзе қаласындағы балалар бақшасында келесі ережелер ұсталынады: жобаға байланысты 3 жастағы балалар топта компьютермен айналысады, интерактивтік сынып тақтасында аз мөлшер бойынша айына әрбір бала бір рет компьютерде 10 минуттан артық отырмайды, 4-5 жастағы балалар компьютерлік топта аз мөлшер бойынша айына екі рет айналысады. Әрбір топтағы 5-6 жастағы балаларға АҚТ-бұрышы бар, компьютер күнделікті іс-әрекеттің көптеген түрінде пайдаланады.
Дж.Сирадж-Блэтчфорд пен И.Сирадж-Блэтчфорд «...АҚТ мен компьютерлерді пайдалану кезінде денсаулықты қорғау мәселесін жалпы түсіну балаларды оқытудың элементі және кез келген жағдайда балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау саясатының бөлігі болуы тиіс» деп атап көрсетеді.
Ата-аналар мектепке дейінгі мекемелерді жабдықтармен және компьютерлік бағдарламалармен жарақтандыруға көмектеседі; балалар бақшасын шағын материалдарымен (принтер үшін картиджілер, қағаздармен, электронды ойыншықтар үшін батарейкалармен және т.б) жабдықтайды; алайда осы кезде педагог ұжымдарына өте ұқыпты болу қажет, сыйлық ретінде бергісі келетін ескі жабдықтарды пайдалануға рұқсат етпеу керек, АҚТ-дың әрекеті денсаулық үшін зиянды мүмкіндіктері туралы есте сақтау керек, әсіресе электрондық сәулелік түтіктері бар ескі маниторлар. Балалар бақшасында қазіргі заманғы экранды жаңартудың жоғары ажыратқыштығы мен жиілігі және қуатты бейнекартасы бар сұйық кристалды компьютер қажет.
Компьютерлік жабдықты балалардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып мұқиятты түрде таңдау қажет. Мысалы, егерде интерактивтік тақталарды жеткізу кезінде таратылған бағдарламалық интерфейстер басқа пайдаланушылар үшін дайындалынған болса, онда олар балаларға жарамайды (басқару командасын балалардан жасыруға тура келеді, команданың шақыруларға немесе бөлуге өте жоғары сезімталдығы бар, бала техникалық режимге шыға алады да оның абыржуын тудырады).
Мазасызданудың себептері сондай-ақ МББҰ-ды сәйкес жиһаздармен қамтамасыз ету, қолайлы жарақталынуды ұйымдастыру, компьютерлік бұрышта техникаларды қауіпсіз орналастару, эргономика қағидаларын сақтау болып саналады.
Дж.Сирадж-Блэтчфорд және Д.Уайтберд компьютерлік жабдықты пайдалану кезінде эрганомиканың басты төрт қағидасын тұжырымдайды:
-бала табандарын еденге толығымен қойып, арқасын тік ұстауы қажет;
-баланың білегі қолдың иық болігінде 90о бұрышпен горизонталь жағдайда тұруы тиіс, баланың шынтақтары мен алақандары үстел компьютерімен (оның пернетақтасымен және тышқанымен( бір биіктікте тұруы тиіс;
-манитор үстелде баладан 70 см-ден аз емес қашықтықта тұруы, ал манитор экраны көз деңгейінен 10-20 см төмен орналасуы тиіс;
-тышқанның немесе шар манипулятордың мөлшері сәйкес болуы тиіс.
Дж.Сирадж-Блэтчфорд пен И.Сирадж-Блэтчфорд проекторларды интерактивтік тақталармен үйлестіріп қолданудың мүмкін болатын жағымсыз салдарын қарастырады. Проекторларды дұрыс қолданбау балалардың көзіне залал келтіре алады. Проекторлармен жұмыс істеу кезінде келесі ережелерді сақтау керек:
- Мектеп жасына дейінгі балаларға проекторлардың линзасына қарауға болмайтындығы туралы айқын және нақты айту қажет;
- Сәулеге тап болып, балалар көрермендерге қарамауы тиіс;
- Балалардың проектор сәулесіне арқаны беріп отыру керектігі туралы балалардың есіне салу керек;
- Проекторларды пайдалану кезінде балаларға үнемі бақылау жасау керек.
Проекторлдарды ірі өндірушілер тоғыстық арақашықтығы қысқартылған проекторлардың қазіргі заманғы нұсқаларын ұсынады. Оларды тікелей интерактивтік тақтаның үстіне (тақтамен жалғастаралған штангаға) орнатуға болады. Бұл құрастырылым баланың проектор сәулесіне қарау ықтималдығын азайтады (яғни тақтаға жақын, басқаларға бетімен және жоғары қарап тұрады).
Интерактивтік тақтаныорнатуға қатысты тағы бір маңызды мәселе: балаға тақтамен өзіндік жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтін биіктікке оны орнатпау керек.
Компьютерлік топта немесе бұрышта мөлшерлері баланың жасына сәйкес келетін жиһаз тұруы тиіс. Барлық өткізгіштер, ажыратқыштар мен қосқыштар толығымен балалардан жасырылған және қолдары жетпейтін болуы тиіс. Ерекше назарды реттелуі оңай болуы тиіс дұрыс жарықталынуға аударылуы тиіс.
Ресейде 2010 жылдың 1 қазанынан бастап балалар бақшасы үшін 20.07.2010 жылы РҚ бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысымен бекітілген (Мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс істеу жабдықтарына, мазмұны мен режиміне қойылатын тазалық-эпидемиологиялық талаптар. ТЕжН 2.4.1.2660- 10» жаңа ТЕжН күшіне енді, мұнда тағы да келесі талап ұсынылады: «интерактивтік тақта мен проекциялық экранды пайдалану кезінде оның бірқалыпты жарықталуын және жарықтығы көтеріңкі жарық дақтарының болмауын қамтамасыз ету қажет. Сонымен, интерактивтік тақта үшін жергілікті жарықталыну пайдаланылмайды.
Интерактивтік тақта қысқа мерзімге пайдалану үшін және жеке оқу материалдарын және тапсырмаларды демонсрациялау үшін қосымша техникалық жабдық ретінде ғана қолдануға мүмкін екендігіне назар аудару керек. Оны кәдімгі бор немесе маркер тақталарымен алмастыруға болмайды, өйткені әрекет ететін тазалық режимі интерактивтік тақтамен үздіксіз жұмыс істеу уақытын білім алушылардың жастарына және оқу материалының типіне байланысты 10-30 минут аралығында шектейді.

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста