Абайдың нәр алған қайнар көздері, ақындық мектебі тұрғысында академик М.Әуезов салып беріп кеткен даңғыл жол концепция болып орнықты. Ақынның үш қайнар бұлағы туралы кейінгі абайтанушылар өнімді зерттеулер жасады. Үш қайнар бұлақтың алғашқысы өзінің төл халқының аса бай әдебиеті мен мәдениеті болды. Фольклорлық туындылардан бастап, авторлы индивидуалды поэзия, не жыршы ақындар шығармашылығы, қазақ әдебиетінің тарихындағы ақын-жыраулармен қатар, өз тұсындағы ақындардың, сал -серілердің, жыршылардың шығармашылығын Абай толық меңгерді. Абайдың нәр алған екінші қайнар бұлағы &ndash Шығыс әдебиеті мен мәдениеті екендігі ақиқат. Ақынның жас шәкірт күнінен оқып өскен түркі -мұсылман елдерінің ақындарының, оқымысты ғұламаларының, философ, тарихшы, дінтанушыларының еңбектері болды. Үшінші қайнар бұлақты &ndash орыс әдебиеті мен мәдениеті, орыс тілі арқылы меңгерген Еуропа әдебиеті мен мәдениеті құрайды.
Абай &ndash адамзат ақыл -ойы, ақындығының ірі тұлғасы. Оның тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы &ndash Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. Тағы да «Әуелі бір суық мұз &ndash ақыл зерек» өлеңінде: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды. Ары қарай ақын: «Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. «Толық адам» ұғымын талдай келіп, оның мәні үш сипатты (ғылым, рақым, әділет) болуға талаптану деп көрсеткен. Абай көтерген «Толық адам» қағидаты &ndash ұлттық педагогикада «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиесінің қағидатымен үндестігін байқамау мүмкін емес. Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» деп ақыл айта отырып, «Адамзатты сүю &ndash хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді. Қазіргі білім берудегі басты ұстаным болып отырған гуманистік педагогиканың негізі «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірімен ұштасады. Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы &ndash адамның дұшпаны, адамның баласы &ndash бауырың» - деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты
қасиеті &ndash адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылықтың алды &ndash «махаббат, ғаділет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен адамды сүюге баулудан басталуы керек. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мәселесін жүзеге асыруда Абай шығармалары маңызды орын алады. Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым -білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп түсіндірді. Елін еңбекке шақырып, өнерге үндеді, ескіше көзқарасқа, қазақ ортасының жағдайлары тудырған мінезқұлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті. Абай өзі мұрат тұтқан толық адамдыққа жеткізетін ең басты қасиетке әділеттілікті жатқызады. Ақынның тікелей басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің» заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке азаматтық-құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімі зор шығарма болып табылады.
Ақын адамгершілік, мораль мәселесін сөз еткенде жақсылыққа: адамшы-лық, адалдық, әділеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбеккерлік, терең ойлылық, ерлік, жомарттық, қайраттылық, кісілік, қанағатшылдық, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сабырлық, сертке беріктік, табандылық, татулық, тәуекелшілдік, шүкіршілік т.б. қасиеттерді, жамандыққа: арамдық, азғындық, айла-керлік, парақорлық, арызқойлық, тәкап-парлық, сараңдық, алдампаздық, сайқал-дық, даңққұмарлық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, паңдық, әсемпаздық, бақастық, борышқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, әсемпаздық, еріншек-тік, әулекілік, есерлік, жалақорлық, мақтаншақтық, жарамсақтық, залымдық, жылпостық, қияңқылық т.б. жиіркенішті мінез-құлықтарды жатқызады. Абайдың негізгі этика, адамгершілік, түсініктері әділдік пен әділетсіздіктің ұғымдық мәнін, арақатынастарын түсінуге арналған. Адам болудың бір шарты &ndash Ұят деген ұғымды бойға сіңдіру. Ұят дегеніміз &ndash адам бойындағы адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, өзіңе-өзің ұрсу, өзіңді-өзің дұрыс, әділ, адал жолға салу. Абай ұяттыларға мейірленсе, ұятсыздардан жиіркенеді де: «Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде», «Жігерлен сілкін, Қайраттан беркін!» деп насихат бергенде; «Ұятсыз, арсыз салтынан Қалғып кетер артынан» деп, ұятсыздарды сөгіп, «осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да, ол істен, мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» &mdash дейді. Ар, ұятпен қатар саналы қазақтың табиғатына сіңген бір ұғым &ndash Намыс. Ақын бұл ұғымға да ерекше мән береді. «Бұрынғы ата-бабаларымыздан артық екі мінезі бар: соның екіншісі &ndash намысқор келеді екен». Ар ұяттан айырылған, намыс дегенді білмейтін, білгісі де келмейтін болыстарды Абай мысқылдай кекетіп, өткір сатиралық тілмен түйреп:
«Сүйегім жасық, буын бос,
Біраз ғана айлам бар,
Айлам құрсын білемін &ndash
Болыстықтың жолы тар
Қайтіп көмек болады,
Антұрған өңкей ұры-қар?
Көргенім әлгі ойлашы,
Ұят, намыс, қалды ма ар?&hellip» &mdash
деп налиды. Не құдайшылыққа, не адамшылыққа жатпайтын, ардан бездіруге итермейлейтін «жарлы болсаң, арлы болма ма», жалқаулыққа, сұрампаздыққа, жыл-постыққа шақыратын «Қалауын тапсаң қар жанады, Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ», ұрлыққа, мейірімсіздікке бағыттайтын «Алтын көрсе періште жолдан таяр», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» дейтін, ата-анасын малға сатуға бейім тұрған опасыздардан, сатқындардан «бек сақ болу керектігін» қатты ескертеді. «Қартайдық, қайғы ойладық ұйқы сергек», «Қартайдық, қайрат қайтты , ұлғайды арман », «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы.», «Адамның кейбір кездері» ,жетінші, он үшінші, он жетінші, он тоғызыншы қара сөздерінде адамгершілік тәрбиесі сипатталған. Ұлылардың өмірі мен тағылымы арқылы ұрпағын тәрбиелеу - әсіресе қазақ халқында ежелден&ndashақ келе жатқан үрдіс. Бұл жерде сөз өнерінің атқарған орны ерекше болған. Ұлтымыздың осы бір жақсы әдет-салты бүгінгі тәрбие үрдісінде тиімді екені даусыз мәселе. Адамзат ақыл-ойы, ақындығының ірі тұлғасы Абай тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы &ndash Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірінде қазір көп айтылып жүрген гуманды педагогика ұстанымдары жатыр. Осы жерде жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен, оларды адамды сүюге баулудан басталуы керек деген тұжырым шығады.
Шығыс Қазақстан облысы
Қамзина Әсем Қайратқызы
Өскемен қаласы
«М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. «Абайтану» курсын оқытудың ғылыми &ndash әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал &ndash Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013
2. Оразғалиева Б. Абайтану пәні //Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте &ndash 2011
3. Есім Ғ. Абай туралы философиялық трактат. Алматы: Қаз ақ университеті, 2004. - 83 б. 35.
4. Тәжібаев Т. Абайдың философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқа-растары. &mdash Алматы, 1957