Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс

Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс

Қазақ өлеңінің өртке тиген дауылы – Қасым Аманжолов – қазақтың қайсар рухты ақыны ғана емес, ұлттық әдебиеттің дамуына жанашыр болған қаламгер де. Оның бұл еңбегі көркем тәржіма саласына қосқан үлесінен аңғарылады. Қасым аудармалары – қазақтың сөз өнерін әлем әдебиеті үлгілерімен сабақтастырған тың соқпақ.
Поэзияның құдіретін бойына дарыта отырып, өлеңімен тәкаппар дүниені өзіне қаратқан Қасым ақын ұлыларды көп оқыды, ұлылықтан сусындады. Мұнсыз өнерде даралану, өзгені табындыру мүмкін емес. Ақын өз шығармаларында Гәнжәуи мен Руставелиге, Абай мен Пушкинге, Лермонтов пен Горькийге, Шевченко мен Маяковскийге табынып, олардың поэзиясына құр­­метін білдіреді. Қасым батыс пен шығыстың әдебиетін меңгере жүріп, солардан үлгі алды, әлем әдебиетінің жауһарларын қазақ сөз өнеріне әкелуге талпынды, классикаға қазақтың үнін қосты, қазақ өлеңінің кереметін паш етті. Ақынның бар көркем аудармасы өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Ол Мая­ковский­ді, Пушкинді, Лермонтовты, Некрасовты, Шев­­ченконы, Твардовскийді, Байронды, Мирасаид Мир­шакарды, Низами Гәнжәуиді аударды. Қасымның жа­һанды жалғаған көркем тәржімаларынан ақынның әде­биетші ретіндегі қызметі мен мақсатын түсінуге бо­лады. Ақын әлемдік поэзияның кесек үлгілерін олар­­дың қазақ сөз өнеріне тигізер пайдасын көздеп, әдейі­леп аударған. Өзі «аударылған дүние сенің өз мүлкің бо­луы керек» деген сөз жазып қалдырған. Қасым Бай­рон ақынға дүниежүзілік даңқ әкелген әйгілі «Чайльд-Га­роль­дтың қажылығы» поэмасының үзінділерін қазақша жырлады. Ақын танымал шығарманың сегіз қиыр шартарапты кезіп жүріп, өзінің өмірлік дәйек-тұжырымдарына дәлел іздейтін кейіпкерінің әрекеттері мен пәлсапасын қазақы оқырманға жақындатқысы келді. Чайльд-Гарольд өзінің терең психологизмімен «байрондық кейіпкер» деген ұғымды өмірге әкелсе, Қасымның аудармасынан да болмысы бөлек қаһарманды танимыз және ол қазақтың өр ақынының өзіне ұқсас. Елімен қоштасқан кейіпкерін ақын
«Мен жалғызбын, толқындардың
Арасында кемем келеді» деген жолдармен дәл Қасымша суреттейді, сөйтіп, бізге Гарольдты не Байронды емес, Қасымды танытады. «Ышқына соққан дауылға, Құмартушы ем жасымда» дейтін Аманжолов қашан да әдебиеттегі талғамының жоғары екенін байқатқан. Ол, негізінен, дүниежүзі поэзиясындағы алыптардың алпауыт саналған туындыларын аударды. Пушкиннен бір топ өлең мен әйгілі «Полтаваны», Лермонтовтан «Маскарадты», Твардовскийден «Василий Теркинді», Гәнжәуиден «Ләйлі-Мәжнүнді» алды. «Ләйлі-Мәжнүннің» Қасымға дейін талай қазақша жырланып, тәржімаланғаны белгілі.
Бірақ ақын белгілі хикаяның мазмұнын тағы бір баяндауды мақсат етпейді, ол шы­ғыстық жыр дәстүрінде өз мүмкіндіктерін көр­сетуді, дастан жазуда түпнұсқа авто­ры­мен іштей сынасуды және ең бастысы – махаббат хикаясын өз заманына жақын­да­туды көздейді. Ақынның Ләйлісі мен Мәж­нүні біз үшін ежелгі дәуірдің емес, өткен жылдардың ғашық жастары секілді. Лер­монтовтан аударылған «Маскарад» – өлең­мен жазылған төрт перделі драма. Ол – Қасым тәржімаларының ішіндегі ең сү­бе­лісі. Аудармашы мұнда өнерді синкретті ете білудің шебері ретінде көрінеді. Бұл шығармада қимыл-әрекет те, поэтика да, өзіндік ырғақ пен әуез де, проза да бар. Аманжолов Лермонтов туындысының табиғатын дәл беру үшін сегіз буынды жыр­ды да, қара өлеңді де қолданады, шығармада динамикадағы кейіпкерлердің оқыс диалогтері, қысқа, толымсыз жауап­тар, атаулы сөйлемдер, бәрі жарасымды көрініс табады, ешқайсысы ырғақтан ажырамайды. Екінші көріністің бірінші сахнасындағы Баронессаның сөзі:
«Не үшін өмір сүреміз бұл дүниеде?
Жалынып, жалбарынып әлдекімше,
Құл болып өту үшін жүрміз бе біз?
Жорж Санд ғибратында бар-ау негіз!»
– деп, өлеңнің толымды буындары мен ұйқасы сақталып берілсе, шығарманың ендігі бір жерінде князь бен бетперде киген әйелдің сөйлесуі бұл қалыптан ауытқиды:
«Бетперде:    Жақсы білем...
                            Мен сені!
Князь:                Білсе білер бұл тегі».
Маяковский жырларынан қуат алып, онымен рухтас екенін жасырмайтын Қасым оның да көп шығармасын аударды. Атышу­лы «Прозаседавшиеся» «Мәжілісқорлар» болып тәржімаланды. Қасым Аманжолов көркем аудармаларының бір үлкен шо­ғыры – лирикалық поэзия. Қасым өлең сө­з­ге өз өрнегін салып, өзгеден жеткен көр­кем ойды меншіктеп алады. Пушкиннің «Қыс­қы кешіндегі» көк дүлей боран сурет­те­летін
«То по кровле обветшалой
Вдруг соломой зашумит,
То, как путник запоздалый,
К нам в окошко застучит»
деген жолдар
«Тозған лашық қамысындай
Суылдайды кей уақыт;
Түн қатқан бір жолаушыдай
Қағады әйнек бейуақыт»
болып, көз алдымызға келеді. Сол сияқты Джордж Байроннан Лермонтовқа жеткен «Еврей сазының» «Я говорю тебе: я слез хочу, пе­вец, Иль разорвется грудь от муки» деген се­зім­ге толы поэтикалық айшығы Қасым­ның «Келеді бір жылағым, абзал жыршым, Тұрғанда көкірегім қарс айырылмай» деген қазақы лирикаға айналып кетті. Қа­сымның көркем аудармаларын шолып шыққан кезде, халық әніне айналған «Ах, Самара, городок!» өлеңіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.
«Орамалым батар-батпас,
Қалқып қана ағады,
Сүйген жарым сүйер-сүймес,
Уақыт өтіп барады.

Қайырмасы:    Ах, Самара, жас қала
                            Барамын сөнгелі,
                            Барамын сөнгелі
                            Жұбатшы сен мені».

Қазақ мәдениетінің ақ маңдайлысы Роза Бағланова нақышына келтіре орын­да­ған бұл әннің Қасым аударған нұсқасы бүгін­гі әншілердің репертуарына қосылып жат­са, нұр үстіне нұр болар еді.
Сонымен, Аманжолов шығармашы­лы­ғының бір үлкен саласы – көркем тәржіма. Ақын жаһан әдебиетінің көрнекті тұлғала­ры мен шоқтығы биік туындыларын ұлттың көркемсөз мұрасына жақындатуды және, ке­рісінше, әлемдік әдебиет дәстүрлеріне қа­зақы реңк беруді нысана еткен. Оның бұл бағыттағы еңбегі жүйелі зерттеуді қа­жетсініп тұр.
Зинол-Ғабден БИСЕНҒАЛИ, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор:
– Қасымның көп аударған ақыны Мая­ковский болды. Маяковский сол жылдар әдебиетіндегі үлкен фигура еді. Одан аударған өлеңдері 1941 жылы «Бар да­уыс­пен» деген атпен жа­рық көрді. Бұдан кейін оның орыс әде­бие­тіне жалтақтауы бірте-бірте жүйеге түсе бастайды. 1947-1948 жылдары Пуш­киннің көп шығар­ма­сын аударады. Пушкинді аудару үстін­де Қасым ұлы орыс ақынының дүние­та­нымындағы құ­пияларды меңгеру қажет­тіг­ін аңға­ра­ды. Ол Белинскийдің Пушкин туралы жазған атақты мақаласымен та­ны­сып, соны жүйелі түрде оқиды. Пуш­кин поэзия­сы­ның негізгі арналары жай­лы терең оқып білуі кейін оны аударуға көп мүмкіндік берген. Қасымның өте жақ­сы аударған ақыны – Лермонтов. Бұл екеуінің шы­ғар­машылық тұлға ре­тінде мінездері ұқсас болатын. Орыстың еркіндікті аңсаған ерке көңілді ақынын аударуда Қасым талай шеберлікті мең­гереді. Біз «Қасым керемет, Қасым ке­ре­мет» деп көп айтамыз. Бірақ оның не­­сі­мен керемет екенін ойланып айтуды ұмы­тып кетеміз. Қасым – көркем аудар­ма сала­сына зор үлес қосқан адам. Ал әлі күнге дейін оның аудармаларын зер­делейтін бірде-бір еңбек жазылған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста