Жоғалған балалар қайда кетеді?

Жоғалған балалар қайда кетеді?

Елімізде жылына мың жарымға жуық бала жоғалады екен. Олардың біразы табылса, енді бірінің мүрдесі ғана табылып, ал енді біреулері мүлдем із-түзсіз кететін көрінеді. Бүгінгі күні еліміз бойынша жалпы саны 5000-нан астам бала іздестірілу үстінде екен. Балапандарымызға қатысты бұл статистиканы биылғы жылдың көктемінде «Қазақстанның интернет ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Шавкат Сабыров  мырза келтірген еді. Айдың күнінің аманында балапандарымыздан неге көз жазып қалып жатырмыз?
Деректерге сүйенсек балалардың жоғалуы бүгінде әлемдік мәселеге айналған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне сенсек, жыл сайын Еуропа елдерінде — 70 мың бала, АҚШ-та – 1,5 млн бала, Ресейде – 15 мыңға жуық бала жоғалады екен. Еліміз халқының саны жөнінен бұл елдерден әлдеқайда төмен сатыда тұрса да, балалар мен жасөспірімдердің жоғалу деңгейінен кем түспей тұрғаны байқалады. Жоғалған балалардың жартысы сәті түсіп табылып жатса, кейбірінің жендеттердің қолынан қаза табатыны мамандарды алаңдатып отыр. Бүгінде ата-аналар балаларын бір сәтке болса да, көзден таса қалдырудан қорқатын болды. Мамандар ең алдымен ата-аналарға балаларына өздері қорған болу керектігін, көзден таса етпеуін ескертуде. Жақында ресейлік журналистер жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей кез келген бейтаныс адамның аулада ойнап жүрген баланы ертіп кетуі үшін 20-30 секунд жеткілікті екен. Балалардың басым бөлігі тәжірибе кезінде санаулы секундтардың ішінде бейтаныс адамға еріп кете барған. Демек ата-анасының бақылауынан тыс қалған кез келген бала қарақшының жетегінде кете беруі әбден мүмкін. Сондықтан мамандар ата-аналарға барынша абай болуды ескертіп отыр.
Өкінішке қарай елімізде балаларды қауіптен сақтандыру мақсатында айтарлықтай жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Мамандардың пікірінше, Қазақстанда жоғалған балаларды іздеп табу тек полиция мен жақындарының шаруасы деген түсінік кең тараған. Қоғамның өзі жоғалған балалардың табылуына үлес қоса бермейді. Оған дәлел бүгінгі уақытта осы бағытта жасалып жатқан жұмыстардың кемшін түсіп жатқаны. Көктемде кейбір белсенділер жоғалған балалар туралы вебпортал ашып, аталмыш мәселеге орай қоғам назарын аудартуды көздеген еді. Бастама авторы Шавкат Сабыров «Қазақстанда шамамен бес мыңға жуық жоғалған бала бар. Біз әуелі жоғалған балалар туралы деректерді осы порталға енгіземіз. Көрші елдермен біріге отырып, ортақ дерек қорын жасаймыз. Себебі жоғалған, я ұрланған бала, айталық, Ресейге кетіп қалуы мүмкін ғой. Бұдан бөлек, порталда балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге арналған қажетті ақпараттар жарияланады. Айталық, егер бала адасып кетсе, не істеуі керек немесе телефонды қалай қолдана алады деген сияқты деректер де енгіземіз» деген еді. Жоғалған балаларды іздеп қана қоймай, балаларға психологиялық көмек көрсететін бұл сайттың ашылуына қуанып-ақ қалғанбыз. Баласы жоғалған ата-аналар порталға хабарлама қалдырып, одан ары порталға келіп түсетін ақпарат бірден полицияға жіберіліп, полиция ол ақпаратты тексеріп анықтағаннан кейін іздеу салу туралы мәлімет сайтта жариялануы керек еді. Балаларды іздестіруге арналған портал 2014 жылдың қыркүйегінде іске қосылуы керек болатын. Өкінішке қарай бүгінде жоғалған балалар туралы ақпарат жарияланатын сайт жасау ісі кейінге шегерілуде. Қажетті қаражаттың тапшылығына орай бастамашыл топ портал жасау ісін кешіктіруде.
Осы орайда балалар психологі Маргарита Өскембаева «біз әлі де болса балалардың жоғалу дерегіне, олардың өлі денелерінің табылуына мән бермей отырмыз, қоғамымызда ата-аналармен не балалармен психологиялық жұмыстар да жүргізілмей жатыр. Ең болмаса мемлекеттік емес ұйымдар балалардың жоғалуының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізсе екен» дейді. Құс екеш құс та балапанын қорғайды. Осындайда құс құрлы бола алып отырмыз бе дейсің еріксіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста