Жастар жыныстық аурудың құрбанына айнала бере ме?

Жастар жыныстық аурудың құрбанына айнала бере ме?

Жиырма бірінші ғасырдың індеті ЖИТС-тің жастарға ауыз салуы қай жанды болмасын сарыуайымға салары анық. Өрімдей жастар арасында аты өшкір ауруға шалдыққандардың күрт өсуіне не себеп? Күн санап қатерлі дерттің меңдеуі бүгін халық қалаулыларын да көкейлеріндегі ойын ашық айтуға мәжбүр етті. Дүние жүзін тітіретнтіп, дәрігерлердің дабыл қағуына себеп болған ЖИТС- қазір қазақ жастарына қауіп төндіруде. Бесіктен белі шықпаған балдырғандар мен жасөспірім жастарымызды қалай құтқарамыз? Ойды он саққа жіберетін ауыр мәселені бүгінгі қоғам шешуге қауқарлы ма? Талдар тақырып тұтас ел үшін аса маңызды. Толғағы жеткен жайдың түйінін шешіп, оқырмандарымызбен ой бөліскенді біз де жөн деп шештік...
Бүгінгі жиында депутаттар аттандап, дабыл қақты. Халық қалаулылары қазақ елінің жастары сексуалды төңкерістің құрбанына айналып бара жатқанына алаңдаулы. Батыстан келген бейәдеп мәдениет қазақ менталитетінің талқанын шығарып, жастарды құрбандыққа шалып жатыр, - дейді Парламент басындағылар. Бұған еліміздегі статистикалық көрсеткіштер де қорқынышты сандарымен жаға ұстатып тұр. Оған сенсек тек Астана қаласының өзінде жыл сайын ЖИТС жұқтырған жастардың қарасы 20 пайызға асып барады. Күн санап тоқтаусыз өсіп жатқан науқастардың көбеюі қазаққа қасірет болып тиюі әбден мүмкін. Статистикалық комитеттің есебіне жүгінсек тек жыл басынан бері қыркүйек айына дейін ғана жұқпалы дертке шалдыққандар саны 202 адамға көбейген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрттен-бір бөлікке жоғарылаған. Ал 2013 жылдың қорытындысы бойынша қазақ еліндегі ЖИТС-ке шалдыққандардың саны 2000-нан асып жығылыпты. Ал бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Ал осы жылдың он айында ғана елімізде 1882 адам қатерлі ЖИТС індетін жұқтырып тынған. Бұл туралы ЖИТС-пен күрес және алдын алудың республикалық орталығы мәлімдеме таратты.

Иә. Қатерлі дерттің жасарып тіпті кәмелет жасына толмағандардың арасында көптеп табылуы мәселенің ушығып отырғанын дәлелдесе керек. ЖИТС орталығы қазіргі таңда нашақорлардың инесімен таралған ЖИТС-тің төмендеп келе жатқанын алға тартты. Бірақ жыныстық қатынас арқылы жұққан ЖТС-тің көлемі еселеп артыпты. Яғни орталықтың сарапшылары жыл сайын жыныстық жолмен таралған ЖИТС-тің 20 пайызға көбейіп келе жатқанын санамалап берді.

Бауыржан БАЙСЕРКИН, ЖИТС-пен күрес және алдын алу бойынша орталықтың бас дәрігері:
- Дәл қазір коммерциялық секс, гомосексуалдылық пен бей-берекет жыныстық қатынас осы науқастың көрсеткішіне елеулі ықпал етіп тұр. Бұл өз кезегінде халықтың науқасқа жиі ұшырауына әкеліп соғуда. Менің ойымша бұл балалар мен жастарды жыныстық тәрбие берудің ақсап тұрғандығында болса керек...
Сонда қайтпек керек? Жыныстық тәрбие бермесек жастарымыз қатерлі дерт ЖИТС-тің құрбанына айналуы әбден мүмкін. Жылсайынғы науқастар санының еселеп өсуі, сондай-ақ оның жыныстық жолмен таралуының артуы бұл мәселеге тереңірек үңілуді қажет етеді.
Бұл тұрғыда Парламенттің Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева да ашық білдірді. Мәжілістің вице-спикері бұл қатерлі дерттің алдын алуда отбасылық институт рөлін жандандыруды жөн санайды.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері:
- Мен бұл дерттің алдын алу үшін жыл сайын мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарына түсушілерді жыл сайын кәсіби тексеруден өткізіп тұруды ұсынамын. Бұл процедураларды жасауға бюджетте бөлінген қаражат толығымен жетеді.
Халық қалаулылары жастар арасында ЖИТС-тің алдын алу үшін осындай толғамды ойларын білдірді. Батыстың қаңсық еткен өркениетін таңсық еткен еліміз мұндай істермен ЖИТС-тің алдын ала ма? Әлде басқа жолдарын қарастыру қажет пе?
Бұл мәселе өз алдына бір төбе болсын. Кейінгі кезде ЖИТС-ке аруға шалдыққандар дәрігерлердің өздеріне жөндеп қарамайтынын алға тартуда. Әсіресе, бұл ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығына түскен шағым хаттарының көбеюімен анықталған.

Лилия Курбатова, ЖИТС науқастары қауымдастығы өкілдерінің төрайымы:
- Қатерлі дертке шалдығушыларға жөндеп қарамау және кемсітушілік әлі де жалғасуда. Науқастардың емделуі немесе тіпті дәрігердің қабылдануына барудың өзі үлкен қиындық тудырады. Дәрігерлер басқа бір дәрігерлерге жолдама беріп, өздері емдеуден бас тартып жатады. Кейбіреулер бөлімдердің емделушілермен толып кеткенін айтса, кейбір емдеу мекемелері бірден ашық бас тартады. Әрі мұндай оқиғалар қазі тіптен жиілеп кетті. Бізге хаттар жазып, шағым жасағандар тұрақты түрде түсіп тұрады.

Мұндай жағдайды ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы да растап берді. Ал, Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау және халық денсаулығы туралы» Заңының 112 бабының 4 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының ЖИТС-ті жұқтырған азаматтарын кемсітушілікке тыйым салынғаны тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Сондай-ақ аталған баптың 1,2, және 3 тармақтарында ЖИТС-пен ауырғандар тегін түрде медициналық тексеруге, тегін заңды көмек консультацияларын алуға, сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық қорғалуына кепілдік берілген.
Бұл дегеніңіз заңды белден басқан дәрігерлер мен емдеу мекемелерінің жауапсыздығы ма? Әлде, заң тармақтары ЖИТС-пен ауырғандарға жүрмей ме? Бірақ мұндай заңсыздықты еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.
Қазақстан Республикасының ЖИТС-ті жұқтырған азаматтары мен оралмандарға медициналық көмек беруден бас тарту оқиғалары мен фактілері, сондай-ақ оларды кемсітушілік оқиғалары тіркелмеген, - дейді министрліктегілер.
Қалай десек те, қоғам үшін аса қауіпті ЖИТС-тің тамырын тереңге жайғаны соншалық, сарыауыз балаларымыз бен жастарымыздың ЖИТС-тің аранына түсіп жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондықтан, барлық қоғам болып жабылып не істеу қажеттігін тезірек шешпесе, мәселе одан сайын ушығуы әбден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста