Жаңажылдық шырша адамға қаншалықты зиян келтіреді?

Жаңажылдық шырша адамға қаншалықты зиян келтіреді?

Соңғы жылдары отандастарымыздың арасында жаңа жылды атап өтуге қатысты сан алуан пікірлер айтылып жүргені рас. Біреулер оны қазақ халқы тойламауы керек, ол дініміз бен ділімізге жат нәрсе десе, енді біреулері бүкіл әлем тойлап жатқан мерекені неге атап өтпеске деген сынды ойларын білдіруде.
Яғни, қазақтың жаңа жылы Ұлыстың Ұлы күні - Наурызда тойлануы керек деген ойлар да жиі білдірілуде. Біраз адамдардан бұл туралы пікірлерін сұрап көрген едік, олардың басым көпшілігі биыл жаңажылдық шырша құрмайтындарын, бұл мерекені ұлтымызға тән мереке деп санамайтындарын және өздері үшін маңызын жойып бара жатқанын айтты.

Әрине, жаңа жылды атап өту немесе атап өтпеу әркімнің өз қалауы, ал біздің бүгінгі сөз ететін тақырыбымыз - осы мерекенің пайда болуына сеп болған шырша құру туралы болмақ.

Жаңа жылдың басты дәстүрі - шыршаны безендіру. Шыршасыз қыстың ең басты мерекесін елестету тіпті мүмкін емес. Тарихына үңілсек, бұл дәстүр көне замандардан бастау алады. Көптеген деректерде шырша безендірудің түп-төркіні неміс халқынан бастау алғаны айтылады. 1605 жылғы шырша безендіру туралы алғашқы деректерге сүйенсек: «Жаңа жыл қарсаңында Страсбургте әрбір отбасы үйіне шырша ағаштарын алып келіп, түрлі-түсті қағаздардан жасалған раушан гүлдерімен, алмалармен, жылтыр қағаздармен безендіреді». Бұл дәстүр кейіннен Еуропа ау­мағына тараған. АҚШ-қа да жаңажылдық шыр­ша құру дәстүрін қоныс аударған еуро­па­лық­тар жеткізген.

Ежел­гі римдіктер Сатурн құдайының құрметіне мереке жасап, сол күні үйлерін жасыл жапырақ­тар­мен безендіретін болған, яғни жасыл жапырақ мәң­гілік өмірдің символы саналған. Ежелгі мысырлықтар жел­тоқсанның ең қысқа күнінде ұлан-асыр той жасайтын бол­ған.

Ресейде жаңа жылды шыршамен қарсы алу 1700 жылы енгізілген. Алғашқы безендірілген шырша 1852 жылы Петербург қаласында бой көтерген. Бірақ Кеңес өкіметі орнағаннан кейін наным-сенім қал­дығы ре­тінде 1918-1935 жылдар аралығында оған тыйым салынған. Тек 1935 жылы Жаңа жыл мерекесі қайта жаңғыртылып, қайта шырша безендіріліп тойлана бастайды. Осы кеңестік сананың ықпалымен қа­зақ хал­қы Жаңа жылды соғыс біт­кеннен кейін атап өте бастаған, сол кезден бастап бұл мерекеде шырша безендіру дәстүрі бізге де дендеп ене берген. Мұндайда екі түрлі жаңажылдық шыршаны - тірі ағаш күйіндегі шыршаны (қылқан жапырақты ағаштар) және жасанды шыршаны безендіретін болған. Осы шырша төңірегінде ой қозғасақ. Алдымен үйінің төрінде шырша тұрмаса, жаңа жылды өткізу мүмкін емес дейтіндерге қатысты.

Канадалық Саймон Фрейзер университетінің зерттеушілері жасанды шыршалардың адам денсаулығына зор қауіп төндіретінін айтуда. Жасанды шырша қауіпті материал - токсиндік поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалады. Ғалымдардың пікірінше, өрт қауіпсіздігін арттыру үшін өндірушілер материалға қорғасын, қалайы және барий фталаттарын қосады. Сондай-ақ олар поливинилхлоридтен жасалған бұйымдардың жұмсақтығын, беріктігін және икемділігін қамтамасыз етеді. Бұлар адам денсаулығы үшін қауіпті.
Фталаттар тері арқылы ағзаға еніп, тез тарайды. Олардың уыттылығы адамның бауыры мен бүйрегіне, эндокринді және жүйке жүйесіне теріс әсерін тигізеді. Бұл заттар онкологиялық аурулардың, демікпе ауруының, бедеуліктің тууына себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар жасанды шыршалардың экологияға тигізер зияны да мол. Тіпті, оларды жасап жатқан сәтте-ақ ауаға зиянды химиялық заттар бөлінеді екен. Сондай-ақ пластика бұйымы ретінде оларды кәдеге жарату да қоршаған ортаға өзінің зиянды ықпалын тигізеді.

Ал американдық дәрігерлер тірі шыршалардың да адам денсаулығына тигізетін зардабы жасанды шыршалардан кем болмайды деген тұжырымға келді. Себебі, өсіп тұрған жерінен енді ғана кесіліп алынған шырша ағашында адамның көзінен жас ағызып, жөтел, шаршағыштық сезімін тудыратын саңырауқұлақтың споралары болуы мүмкін. Ол сондай-ақ адамның кеуде бөлігінде ауырсынуды сезінуіне себеп болады.

Сонымен қатар жаңа жыл мерекесіне арнап арнайы өсірілетін шыршаларды күтіп баптау кезінде оларды зиянкестер мен аурулардан қорғау үшін химиялық заттармен өңдейді. Ал тірі шыршаның бойындағы бұл химикаттар үйге әкелінген соң бөлмедегі ауамен қосылып, әсіресе, балалардың, оның ішінде тыныс жолдары ауруларымен ауыратын балалардың денсаулығы үшін үлкен қауіп төндіретін көрінеді.

Яғни, жаңа жылға арнап шыршаларды арнайы аумақтарда өсірудің де экологиялық зардабы зор. Ауқымды аумақтарда өсірілетін мұндай ағаштарды өңдеуге қаншалықты химикат жұмсалатынын, ал содан кейін қанша зиянды заттардың ауаға таралатынын ескерсек, экологиялық мәселе ретінде бұл тақырып та зер салып, көңіл бөлуді қажет етеді.

Сонымен қоса, бірнеше сағатқа ғана созылатын мереке үшін бір шыршаны шабу (оның жылына небәрі 10-12 см ғана өсетінін, биіктігі 2 метр болатын шыршаны өсіру үшін орта есеппен 20 жыл уақыт керек екенін ұмытпасақ), табиғатқа жасалатын зор қиянат екенін ескерген де жөн. Яғни, өзімізді айнала қоршаған табиғаттың берген бар ырзық-байлығын тек тұтынушы ретінде қарамай, керісінше, адамның сол экологиялық жүйенің бір бөлшегі екенін сезініп, оны сақтауға, қорғауға, көбейтуге күш салу қажеттігін түйсінетін уақыт әбден жетті. Демек, жыл сайын жаңа жыл қарсаңында жандана түсетін, қаланың әр бұрышында қылаң беріп қалатын жаңа шабылған шырша, қарағай ағаштарын сату кәсібіне біржола тыйым салу қажет.

Мерекені тірі шыршамен ғана қарсы алуды қалайтындарға балама ретінде қазір шыршаның шағын бойлы тұқымдастарын үйде құмырада өсіру ұсынылуда. Әрине, бұл өсімдік үнемі күтімді қажет етеді, десек те, бұл ормандағы тірі ағашты балталап тастап, табиғаттың тартуына қиянат жасағаннан тиімдірек.

Демек, біздің ойымызша, жаңа жылды шыршасыз-ақ қарсы алуға әбден болады. Өзіңіздің немесе балаларыңыздың қолымен жасалған жаңажылдық безендірулерді пайдалансаңыз тіпті тамаша емес пе?! Ол үшін қағаздан, матадан т.с.с. шырша жасау сияқты түрлі қол өнерімен айналысуға үйретіп, жеткіншектерді өз қолымен жасаған туындыларымен қуанту да осы бағытта қолға алынған оң шара болар еді. Бұл оларды еңбекке баулып қана қоймай, қоршаған ортаны, туған табиғатын аялай білуге үйрету жолының бірі болмақ.

Гүлнәр Жомартова 

www.inform.kz/kaz/article/2851741

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста