«Халал жезөшеліктің» құрбаны болған қаракөздердің тағдырына кім жауапты?

Бүгінде ислам шариғатын бүркеніп, кері уағыз жүргізіп жүргендердің кесірінен, тіркеусіз неке мен әкесі белгісіз балалардың саны көбейгені жасырын емес. Дін жолында жүрген жанның етегінен ұстап, некесін қидырған қаншама арулар бүгінде хиджап киген жезөкшеге айналғаны бұған дейін де талай мәрте айтылды. Алайда мұндай сұмдыққа тоқтау болар емес. Керек десеңіз, дінді теріс пиғылға пайдаланып, әйел біткенді өзінің ойыншығы көретін, жалыққанда «талақ» айтып, досына сыйлай салатын еркексымақтардың кесірінен ұлтымызға, асыл дін исламға кір жағылуда.

Еуропада «халал жеөзкшелік» деген терминнің пайда болғанына да көп болған жоқ. Амстердамдық кәсіпкерлер «мұсылман борделін» ашуға ұйғарғаннан бері «халал-жеөзкшелік» деген термин белең алған екен. Мұнда келген клиенттерге темекі шекпейтін, ішімдік ішпейтін, бес уақыт намаз оқитын әйелдер қызмет көрсетеді. Олардың басқа жезөкшелерден айырмашылығы осы. Ал біздің еліміздегі «халал жеөкшелердің» басқалардан айырмашылығы олар қысқа уақытқа болса да тұрмысқа шығады, кейбіреуі тіпті бір жылда бірнеше рет күйеуге тиіп үлгереді.
Таяуда radiotochka.kz сайтында қазақ қыздарының «халал жезөкшеліктің» құрбаны болып жатқаныдығы туралы материал жарияланған болатын. Мақалада көрсетілгеніндей, жас қыздар исламның радикалды ағымының өкіліне тұрмысқа шықаннан кейін оның өмірі тозаққа айналады екен, ал ажырасса хиджап киген «жезөкшеге» айналып шыға келеді. Өйткені әйеліне талақ айтқан еркек оны керексіз зат секілді өзінің досына сыйлайды. Осылайша әйелдер қолдан қолға өтіп, тіпті қай күйеуінен бала көтергенін де білмейді.

Айталық атыраулық Күләш есімді 35 жастағы әйел соңғы 5 жылда 9 күйеуге тиіп шыққан екен. Күләш өзінің тағдыры жайлы айтып еңірегенде етегі жасқа толады. Ол өзінің жеке кәсібі бар, жағдайы жақсы қыз болған екен. Жасы 30-ға келіп қалғанда 5 уақыт намаз оқитын, үсті мұнтаздай таза жігітті кездестіргеннен кейін, оған тұрмысқа шығуға келісімін беріпті. Алайда тиген күйеуі жұмыс істеп ақша таппақ түгілі әйелінің мойнына мініп алыпты. Күйеуінің неге жұмыс істегісі келмейтінін сұраған әйел айыпты болып, күйеуі одан бірден «талақ» айтып бас таратады. Ажырасқандарына 2-3 күн болмай әлгі еркек өзінің досына хабарласып, әйелімен ажырасқанын, егер қаласа әйелін алуына болатынын айтады. Сөйтіп бірінші күйеуі кетіп қалады да, екінші еркек келеді. Күләш алғашында оған тұрмысқа шықпайтынын айтып бас тартады. Алайда әлгі кісі ажырасқан әйел бірден тұрмысқа шықпаса болмайтынын, ондай адам Алланың қаһарына ұшырайтынын айтып, ақыры көндіреді. Осылайша ол 5 жылдың ішінде 9 рет күйеуге шығып, 9 рет «талақ» деген сөзді естиді. Бүгінде Күләш ер баланы өзі тәрбителеп отыр. Алайда баланың әкесінің кім екенін өзі де нақты білмейді.
Еліміздегі дінтанушылардың айтуынша, мұндай әрекетке тек исламның радикалды ағымының өкілдері ғана барады. Сондықтан біздің елде әкесіз балалар өте көп. Ал талақ болған әйелдер Сирияға аттанып жатқан азаматтардың қатарын көбейтуде.

«Исламда «талақ» деген сөз өте сирек айтылады. Бұл сөз жайдан жай қолданылмайды. Тіпті айтылған күннің өзінде «талақ» сөзі айтылғаннан кейін шариғат жолын ұстанған мұсылман ажыраспай 3 ай 10 күн күтеді. Яғни әйелдің жүкті, жүкті емес екеніне көз жеткізеді. Ал некені оп-оңай бұза салатындар олар нағыз мұсылмандар емес. Бұлар радикалды ағымның өкілдері. Салафиттер өздерінің қатарын көбейту үшін осындай неке заңын өзгертіп алған», дейді Мұхиддин Паттеев.
Әкесіз бала туған, бірнеше рет ажырасқан әйелдер әсіресе қазақстанның батыс өкірлері мен Алматыда өте көп екен. Мұндай «халал жезөкшеліктің» құрбаны болған жандардың көбі діннен мүлде мақұрым. Елімізде радикалды исламның құрбаны болған әйелдер қазір Сирияға аттануда. Қазіргі кезде Сирияда «халал жезөкшелік» өршіп тұр.

Паттеевтің айтуынша, қазіргі таңда қарапайым адамдарға кімнің дәстүрлі ислам жолымен жүретінін, кімнің радсикалды ағымның өкілі екенін ажырату өте қиын. Радикалды ағымның өкілдері де намаз оқиды, мешітке барады. Бұрынғыдай тіпті қысқа балақты шалбар да кимейді, дәстүрлі исламды бүркеніп, өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырады. Өйткені олардың ұстанымы дәстүрлі исламнан мүлдем бөлек.

«Мешітте біздің имамдар мен молдалар уағыз айтқанда радикалды ағымның өкілдері тыңдамайды да. Олар телефонымен ойнап, музыка тыңдап отыратын көрінеді. Имамдар радикалды ағымды ұстанатындардың некесін де қимайды. Олар өзара некелесіп, өз білгендерімен өмір сүреді. Біз оларды айыптап, жазалаушы орган емеспіз. Тек уағызымызды айтамыз. Тыңдамаса не істей аламыз», дейді Оңғар қажы Өмірбек.

Бұл жерде Қазақстандағы радикалды ислам өкілдерінің өмірінен бірнеше деректер ғана келтірілді. Ресми деректерге сәйкес, бақылауға алынған «Ислам мемлекеті» тобына 400-дей қазақстандық қосылған. Бұл туралы өткен аптада Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев хабарлады. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшісі Нұртай Абықаев Сирияға аттанған 300 қазақстандықтың жартысы әйелдер екенін айтқан болатын.

radiotochka.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста