Тән саудасы түкпірдегі ауылға жетті

Тән саудасы түкпірдегі ауылға жетті

Қазір көбіміздің көзіміз үйреніп, етіміз өліп кет­кен жезөкшелік – қоғамдағы дауасыз дерттің бірі. Әрқай­сы­мыздың ар-ұятымызды түртіп оятып, бетімізді қызартатын мұндай жат әдеттердің 70 жылдан астам уақыт бойына ке­ңестік идеяның уағызын санасына сіңіріп өскен ТМД мем­лекеттерінің адамдары үшін жағымсыз құбылыс болып көрінуі де мүмкін, ал, жезөкшелік әлдеқашан тамырын тереңге тартып, орнығып қалған АҚШ, Ұлыбритания, Гер­мания сияқты әлемнің алпауыт мемлекеттерінде мұндай көріністерге бой үйренген. Сол себептен де туабітті осындай ортада өскен көптеген шетелдіктер жезөкшелер қызмет көрсететін бардельдерге барып, нәпсісін қанағаттандырып шығу­ды ұяты жоқ, қажетті тірлік деп қабылдайды. Ал, ТМД мемлекеттерінің азаматтары үшін бұл моральға жат нәрсе.
Алайда, ұстаным қанша мық­ты болғанымен, Одақ ыдыраған тұста ортақ идеологиядан көз жа­зып, бақылаусыз қалған ел­дердің шетелдік жат ағымдар мен жезөкшелікке пәрменді күрес жүр­гізуге шамасы жетпей қал­ды. Осыдан бірер жыл бұ­рын­ғы мәліметтер көршіміз Ресей­дегі тәнін саудалайтын әйелдер санының шамамен 1 мил­лион­нан асқанын хабарлаған. Қазақ­стандағы жағдай да қуанарлық емес. Ішкі істер министрлігі та­рат­қан дерекке сүйенсек, еліміз­дегі тәнін саудалайтын қыз-келін­шектердің қара-құрасы 4 мың адамға жуықтаған. Айналдырған 15-20 жылдың көлемінде ұлттық қасиетіміздің тұнығын лайлап, ұрпағымызды азғын­да­та­тын жез­өкшеліктің соншалықты қанатын кеңге жайып, тамырын тереңге тартуына не себеп?
Мұндай сауалға жауап іздей­тін­дердің аузына ең алдымен қоғамдағы тұрмыс пен күн­кө­ріс­тің төмендігі түседі. Тәнін сау­да­лай­тындардың басым көпшілігі де мұндай лас тірлікке еріккенінен емес, жоқшылықтың тақсіретін тартып, амалы таусылғандықтан барғанын айтып ақталады. Не істеу керек? Заманында Қодар мен Қамқаның арасындағы жа­қын­дықты жат қылық деп қабыл­дап, кінәлілерді бүкіл қазақ­қа, қала берді, үркердей ғана тобық­тыға ащы сабақ болсын деген тәртіппен жұрт алдында жаза­ла­ған қатал Құнанбайдың бүгінгі ұрпақтары азғындық жолға түс­кен­дерді қалай азайтатынын біл­мей осылайша дал болуда. Бас­қа-басқа, балапанды басы­мен, тұ­рымтайды тұсымен жібер­ген мына заман кешегі күнге де­йін дініне берік, дәстүріне адал деп әспеттеп келген өзбек бой­жет­кен­дерін елдегі эконо­ми­ка­лық жағдайдың төмендігі ар-­ұяттан бездіртіп, берісі Ресей мен Қазақстан, әрісі Сирияға асы­рып жібереді деп кім ойлаған? Ғалам­тордағы кейбір дерек көз­дері­нің мәліметтері рас болса, Өзбекстандағы жезөкшелердің ең көп шоғырланған ұясы Ферғана жазығы көрінеді. Жұмыссыздық жетелеп әкелген бойжеткендерді мұнда сымбаты мен тұлғасына қарай әртүрлі баға күтіп алады. Қазақстандағы жағдайды да одан алыс деп айта алмаймыз. Тән саудасы қалаларды былай қойғанда, түкпірдегі ауылдардың өзінде қызып тұр. Ол мына қал­пында кете берсе, елдің ертеңі не болмақ?
Осыдан екі ғасыр бұрын мұн­дай сауал орыс патшаларын да ой­ландырған еді, сондықтан, олар жезөкшелікпен айналысқандарды аяусыз жазалап, тіпті, итжеккенге де айдаттырған. Алайда, сол шек­теу­ден кейін елде түрлі жұқ­па­лы аурулардың көбейіп кетуі­не бай­ланысты 1 Николай жезөкше­лікке ерік беріп, оларды дәрігерлік по­лицияға қадағалатқан. 1901 жылы Ресейде шамамен 2400 жезөкшелер үйі тіркеліп, онда 15 мыңнан асатын әйел қызмет көр­сеткен. Қазір заман басқа бол­ға­нымен, дәл сол 1 Николай секілді бүгінгі орыс қоғамы да жылдан-жылға қарқын алып бара жатқан жезөкшелікті бірыңғай жазалаумен тоқтата алмайтынын мойындап, тұйықтан шығатын басқа жол іздестіруде. Біреу­лер оны патша ағзамның тұсын­дағы­дай заңдастырайық десе, енді біреулер жезөкшелікті бұлайша еркіне жіберу онсыз да өсімі аза­йып кеткен орыс ұлтының бола­шағына балта шабатын қауіпті қадам деп алаңдаулы. Әйтеуір, бірізге түскен пікір жоқ.
Ресейдің Әкімшілік құқық ­бұзу­шылық кодексінде жез­өк­шелікпен айналысатын жеңіл жүрісті әйелдерге қомақты кө­лем­де айыппұл салу жазасы қарас­ты­рылғанымен, әзірге ол да жұрт күт­кендей пайдалы нәтижеге қол жеткізбей отыр. Сондықтан, Мем­ле­кеттік Дума депутаттары да қазақ қалаулылары сияқты жезөкше­лікпен алыса-алыса амалы таусылған мемлекет­тер­дің тәжірибесін есепке алып, «заң­дас­тырамыз ба, қайте­міз» деген секілді түпкі ұшы тия­нақ­сыз ой-ұсыныстың ырқынан шыға ал­май жүр.
Жезөкшелікті заңдастыруды қалайтындардың көмейінде сол арқылы қазына қоржынының бүйірін бұлтитуды көздейтін ой­дың жатқанын да білеміз, бірақ, оны қалай және қандай жолмен жүзеге асырамыз? Жезөкшелікті бүгін заңдастырсақ, ертең ұлт­тық құн­ды­лық­тарынан ажы­рап бара жатқан еліктегіш хал­қы­мыздың арасынан оны ерсі әдет деп емес, пайда табудың жолы ретінде қабылдап, тәнін сау­да­лауды жаппай кәсіпке ай­нал­ды­рып жіберетіндердің шық­пай­тынына кім кепілдік береді? Қор­қыныштысы – осы. Ендігі еншімізде қалып отырған жалғыз амал – жезөкшеліктің әрі қарай таралуына мүмкіндігінше жол бермеу. Қолданыстағы заң­дарымыз да қылмыстың мұн­дай түріне қатал қарайды. Қыл­мыс­тық кодекстің «Жез­өкше­лік­пен айналысуға тарту» және «Жезөкшелікпен айна­лысу­ға ар­нал­ған притондар ұйым­дас­тыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» деп аталатын 308, 309-баптарында қылмыстың мұн­дай түрімен айналысқандарға аса қомақты айыппұл салумен бірге, бас бостандығынан айы­ру шарасы қарастырылған. Мәсе­лен, жезөкшелікпен айналысуға күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау мүлкін жою немесе бүлдіру жолымен жез­өкшелікпен айналысуға тарт­қандарға 308-баптың 1-бөлігінде көзделген тәртіппен мүлкі тәркі­леніп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұл баптағы санк­ция­ның жоғарғы шегі бес жыл­дан жеті жыл аралығындағы бас бостандығынан айыруды құ­рай­ды. Тек жезөкшелікке қатысты қаһарлы заңдарымыздың іс жү­зінде орындала қоятындығына күмән көп.
Тәжірибе жезөкшелердің ар­найы жабдықталған притондары мен бардельдерін кез келген адам­ның ұйымдастыруға күш-қуаты жетпейтінін, ондай кірісі мол жұмыстың тізгінін өздері таса­да қалып көрінбейтін ұйым­дас­қан қылмыстық топтар мен ауқатты адамдардың ғана ұс­тайтынын көрсетуде. Сол се­беп­тен де ықпалды адам­дар­дың желеп-жебеуімен жүретін притон басшылары қылмыс үс­тін­де қолға түссе де, көп жағ­дай­да судан таза шығады. Бір қызығы, жезөкшелікпен айна­лы­сатын топтың қауіпсіздігін көп жерлерде осы қылмыспен кү­ресуге тиісті құқық қорғау ор­ган­дары­ның өкілдері қам­та­ма­сыз етіп жүреді. Бұған Алматы қаласындағы осындай притон­дардың бірін Алмалы аудан­дық ішкі істер басқармасы бас­тығы орынбасарының ұзақ жыл­дар бойына қамқорлық жасап келгені үшін сотталғаны анық дәлел. Былайша қарасаңыз, заң­дарымызда кінә жоқ. Егер жаңадан қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодекстің 308, 309- бап­тары мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Көрі­неу жезөкшелікпен ай­на­лысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» деп аталатын 450-бабының та­лап­тарын біреу­лердің сөзіне, біреулердің көзіне қарамай әділ басшылыққа алып қолдана білсек, ел-жұртты алаң­датып отырған қылмыстың бұл түріне кәдімгідей тосқауыл қоя­ты­нымыз анық.

Елеусіз МҰРАТ,
«Заң газеті»
 zangazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста