Сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жақында Алматы қаласында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсетуде сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен заңгер ғалымдар қатысты.

Жиында мемлекеттік қызмет көрсетудің құқықтық мәселелерін реттеу, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу сияқты келелі мәселелер талқыға салынды.

Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Жастар ресурстық орталығы «Азаматтық бақылау» Қоғамдық қабылдау жобасы аясында ұйымдастырған бұл дөңгелек үстел, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің әлеуметтік тапсырысы бойынша өтті.

«Керемет» Жастар ресурстық орталығы бұндай шараларды жиі өткізіп тұрады. Жастар ресурстық орталығы туралы айта кетсек ол «Аl-Farabi university smart city» «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – студенттерге арналған жастар ресурстық орталығы. Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі университет қабырғасында құрылған баламасы жоқ алғашқы бірыңғай ресурстық орталық университет ректоры М.Ғ. Мұтановтың бастамасымен шаңырақ көтерген. 

Орталықты құру идеясы шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Насыр әл-Фарабидің қайырымды да, ақылды қала қалыптастыру туралы барлық тұрғындардың шынайы бақытқа қол жеткізуге ұмтылуы, әділетсіздік пен зұлымдықты айыптап, ізгілік пен әділдіктің басым болу іліміне негізделген.

Орталықтың инфрақұрылымы 7300 шаршы метр аумақты алып жатқан 8 павильоннан тұрады және келушілерге өнімділігі жоғары автоматтандырылған жүйе ретінде білім беру, медициналық, құқықтық, қаржылық, мәдени және ойын-сауық қызметтерін ұсынады.

М.Ғ. Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың дамуына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қосымша серпін берді. Оны орындау ба- рысында 60 заң қабылданды, негізінен олардың ережелері сы- байлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған. Бұл ретте, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ақпараттандыру туралы» Заңдарды атап өтуге болады. Сарапшылардың пікірінше, өкілеттігін асыра пайдалану көбіне мемлекеттік сатып алу салаында көптеп кездеседі. Жаңа заңның қабылдануы нәтижесінде, конкурсқа қатысу тәртібі жеңілдетілді, кезеңдердің саны екеуден біреуге азайды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеп соғатын бір көзден сатып алуды өткізу мүмкіндігі шектелді. Жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негізін айқындайтын негізгі акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы болып табылды. Онда алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, тәуекелдерін талдау, мәдениетті қалыптастыру секілді алдын алу институттары көрініс тапты. Жоғарыда аталған Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл субъектілеріне ерекше мән беріліп, олардың құзырет шеңбері кеңейтілді. Сонымен бірге жеке тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы өзге де заңды тұлғалардың өкілеттіктері бекітіліп, бұл өз кезегінде аталған іс-шараға жап-пай қатысуды қамтамасыз етті. Міне осының бәрі сыбайлас жемқорлықты жоюдың механизмдерінің жетіле түсуіне ықпал етті».

Ал «Азаматтық бақылау» – Елбасының тапсырмасы бойынша қолға алынған тың жобаның бірі. Оны жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар да белсене қатысуда.

Таңат Жайлауов

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста