Сөз қуған бәлеге ұрынады

«Ел арасында жүрген сыпсың сөздің бәрін мемлекеттік қызметкерлер таратады. Жағымсыз өсекті де айтатын солар. Мен мұны жақсы білемін! Мемлекет ақысын төлеген компьютерден ғаламторға кіріп алып, ойына келгендерін сөйлейді. Осындай өсекшілерді ұстап, жазалап, жұмыстан қуу керек!». Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылдың жазында Ақордада өткен алқалы жиында министрлер мен әкімдерге «батырып» айтқан сөзі. Содан бері арада 5 ай уақыт өтті. Ештен кеш жақсы. Үкімет кеш болса да Президенттің сынынан қорытынды шығаруға әрекеттенуде.

Бұл этика қай әдеп?
«Біздерде мынадай-мынадай бар»... Бұдан былай мемлекеттік қызметшілерге ғаламторда билікті сынап-мінеуге, біреуге боқтық сөз айтуға тыйым салынады. Үкімет мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерде өзін-өзі ұстау этикасын жасапты. Айтпақшы, құпия құжаттың көшірмесі Forbes.kz сайтындағы әріптестеріміздің қолына тиген. Аталған сайттың жазуынша, «Мемлекеттік органдар мен мекемелерде қызмет ететін тұлғалардың ғаламторда, соның ішінде әлеуметтік желілер мен блог-тұғырнамаларда жұмыс істеуі туралы жадынаманы» 2014 жылдың 17 қазанында Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарған Жеңіс Қасымбек өз қолымен бекітіпті.
Демек, су жаңа ережені түсіндіру жұмыстарының жүріп жатқанына 3 айға жуықтады. Естуімізше, мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік мекемелер мен компаниялардың жұмысшылары жадынама мәтінін оқығаны жөнінде қолхат беріп жатқан көрінеді. Олардың арасында шікірейген шенеунік те, қарапайым қызметкер де, техниканың «құлағында ойнайтын» маман да бар. Енді әлгі жадынаманың мәтініне көз жүгіртейік. Міне, қызық! Онда кез келген Қазақстан азаматы сияқты мемлекеттік қызметшілердің заңнамамызды бұзуына тыйым салынатыны жазылған (сонда заңнаманы тек мемлекеттік қызметшілер көп бұза ма деген ой келеді).
Мемлекеттік қызметшіні әлеуметтік желіде әдепке тәрбиелейтін талап тізбектелген. Мысалы, «Мемлекеттік тіл мен өзге тілдерге, сондай-ақ Қазақстан халықтарының дәстүрі мен салтына құрметпен қарау», «Лаңкестік және порнографиялық сипаттағы, экстремистік бағыттағы ақпараттарға, фото, бейне және аудиоматериалдарға «ұнату» белгісін баспауы қажет», «Ғаламторда әңгімелескенде дауыс көтермеу», «Мемлекеттік құпия саналатын, заңды түрде қорғалатын ақпаратты жарияламау» деген шартты құптауға болады.

Шектеуге болмайды
Кейбір халық қалаулысы ережемен келіспейді. Мәжілістегі «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев әлеуметтік желіде өзінің жеке парақшасы болмаса да, мемлекеттік қызметшіге ғаламторда азаматтық пікір білдіруіне тыйым салуды құптамайды. Оның пікірінше, мемлекеттік қызметші жұмыстан кейінгі уақытта өзінің жеке өміріне құқы бар тұлға. Сондықтан бұл жерде ешкімді «мынаны істе, мынаны істеме» деп шектеуге болмайды.
Әлеуметтік желілердегі белсенді депутаттың бірі – Мұхтар Тінікеев бұл шенеуніктің өз басшысын сынағанына қарсы. «Өзім Фейсбуктағы сондай материалдарды дер кезінде жойып отырамын. Осы мәселеге қатысты бұрын Твиттерде өз пікірімді айтқанмын. Тағы қайталайын. Билікті, өзінің басшысын сынағыштар министрліктер мен ведомстволардың ішінде толып отыр. Олар министрі не басшысы жұмысынан үйіне кеткенше күтіп отырады. Еріккеннен ғаламторды ермек қылады. Жәй отырмай, үкіметті, депутаттарды сынап-мінейді. Өйтетін болса, оппозицияға неге кетпейді сол сабаздар?!. Кетсін де билікті аямай сынасын! Министрліктен жалақы алып отырып, билікті сынау адамгершілікке сыя ма?!.», – деп күйінеді Мұхтар Бәкірұлы.

Өсек – өлмейтін дерт
Бәлкім, мұндай әдеп пен ізет керек те шығар. Бірақ қазақта «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген сөз бар. Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсованың пікірінше, өсекшілік - жұқпалы дерт. Сондықтан оны түп-тамырымен жоя алмаймыз. «Өсек барлық жерде бар. Санын азайтуға болатын шығар, бірақ толық құрта алмаймыз. Себебі ол – адамның болмысы. Мысалы, бір мекемедегі қыз жиыннан соң өз құрбысына әлеуметтік желімен хат жазып, бір өсек жібереді. Оны алған адам басқа құрбысына жолдайды. Өсек осылай таралады. Бірақ өзім біреуді өсек айтқаны үшін жұмысынан қуыпты дегенді естімедім», – деп сөздің шындығын айтты ол «Жас қазаққа» берген сұхбатында.

jasqazaq.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста