Қате-қате оқулықтарға жұмсалған миллиардтардың сұрауы кімнен?

Оқулықтарымыздағы қателіктердің жыр болғанына неше жыл болды. Әйтсе де одан оқулықтағы олқылықтардың азаятын түрі көрінбейді. Мәселен 2008 жылы басылып шыққан оқулықтардың тең жартысы ғана жарамды болған. Басылып шыққан 2936 оқулық пен оқыту-әдістемелік кешенінің тек 1202-і ғана қолдануға ұсынылып, 1107 кері қайтарылған. Ал 338 оқулық қайта өңдеуге жіберілсе, 289 оқулықтың сапасы төмен болғандықтан сараптамаға жіберілмеген. Ал 2011 жылы сараптамаға келіп түскен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің 68,7 пайызы білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 67,5 пайыз болыпты. 2013 жылы республикалық комиссияға 1109 оқулық келіп түсіп, оның 97-сі жарамсыз деп танылып, қалған 91,3 пайызы пайдалануға берілген. Қарап отырсақ, қателіксіз оқулық шығару тіпті ойымызға кіріп шықпайтындай...
«Қатемен жұмыс» жасап, қателікті қайталамау орнына үдеп барамыз.
Тіпті оқулық мазмұнындағы өрескел қателіктер де жыл өткен сайын тыйылар емес. Қателікті қойып соңғы жылдары оқулықтарымыз ұяттан да айрылып барады. Өткен оқу жылының аяғында 8-ші сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқулығындағы «қазақ қыздарын күйеуге шыққан шықпағанын әйелдерден ажырату үшін қос анарын қысып білген» деген мәлімет ұлттың намысына тиген еді. Бұл туралы сайтымызда «Қазақ қыздарының емшегін кім қысып жүр?» деген мақала да жариялаған болатынбыз.


Тіпті депутаттар осыдан кейін «қатесі өріп жүрген оқулықтарға бюджеттен қаржы бөлмеу керек» деген болатын. Ал Бас мұғалім бастауыш сыныпты кітаппен қамтуға бөлінген 14 миллиардтты жеткізе алмай тағы 2 миллиард сұраған еді. Мейлі ғой балалардан немізді аяймыз, қаржы бөліне берсін, оқулық басылсын. Алайда ұлтты масқаралайтын, қатесі өріп жүрген оқулық үшін кім жауап береді? Ол ол ма, енді жақында «Мектеп» баспасында жарық көрген 9 сыныптың «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясы оқулығында Қамбат батыр жырында, Назымды ашына қылып, батырға шылым шеккізіп, арақ ішкізген. Ол туралы да сайтымызда «Қамбар батырға шылым шеккізіп, арақ ішкізген кім?» деген мақала жарияланды.


Қатеден көз сүрінетін оқулықтар халықаралық дауға да себеп болды. Еліміздің мектебінде оқытылып жатқан 10-шы сыныптың кітабында орфографиялық емес саяси қате кеткен. Яғни Украинаның аннексияланған Қырым аймағы Ресейдің бір бөлігі деп жазылған. Ресми Киев Сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдап, бұған қарсылығын білдірген еді. Сапасыз сараптама жасағаны үшін «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының басшыларына қатаң сөгіс жарияланыпты. Ал, оқушыларға таралып кеткен кітапты «Мектеп» баспасының қалай түзейтіні әзірге белгісіз. «Оған баспаның өзі бас ауыртуы тиіс» дейді министрліктегілер. Сонда сан қайтара қателіктермен басылған оқулыққа жұмсалған мемлекеттің миллардтары үшін кім жауапты?!
Осы орайда айта кетер жайт әлеуметтік желілерде де ата-ана тарапынан оқулықтарға қатысты наразылықтар өте көп. Жақында ғана журналист Серік Әбікенұлы өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында бала түгілі ата-ананы шатастыратын мысалдар келтірді. «3 сыныптағы бүлдіршіндердін басын қатыру! Қазір орта, көктамыр, артерия дегенді жаттап, ішек-қарынның суретін салған балаларға 4 сыныпта қандай мүшенің суретін салдырасыз Сәрінжіпов мырза? Авторлардың дүниетанымы мүшенің төңірегінде екен... » деп пікір қалдырса,

енді бірде «Мынандай «ғажап» есептерді кім шығара алады?» деп математика оқулығынан мысал келтірген. Тізе берсек, мұндай мысалдар жетерлік...


Сонда Сәрінжіпов мырза оқулықтардағы көз сүрінетін қателер қашан тыйылады? Оларға жұмсалған миллардтардың сұрауы кімнен?

Алаш Айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста