Қайық жалдап, қалтылдап жүрген тұрғындар...

Шалғайдағы Ғ. Мүсірепов ауданына қарасты Разгульное елді мекенінің бүгінгі жайы иесіз аралда жетімсіреп қалған Робинзон Крузоның тірлігін көзге елестеткендей. Онда тұрып жатқан 500-ге жуық тұрғын аудан орталығына қатынау үшін жалғыз қайықты жалдауға мәжбүр. Бір көлік әупірімдеп өтетін шағын көпірді қарғын су көктемде қиратып кеткелі көрген күндері осы. Көмек сұрап, шырылдаған бала-шаға күнде жағаға келіп, қой қайырған шопан құсап дауыстары қарлыққанша айғайлағаннан басқа қолдан келер дәрмендері жоқ. Қарайласар жан байқалмағаннан кейін ауыздарын қу шөппен сүрткен күйі кері қайтады. Атқамінерлер Есілдің арғы жағында ауыл барын ұмытқан тәрізді. Сырттан не басшы, не қосшы атізін салған емес. –Арғы бетке қайық жалдап өтіп жүрміз. Оның өзіне кейде жанармай болмай қалады. Сырқаттанып қалсақ жанымызды шүберекке түйіп отырғанымыз. Пайдаланғанына жарты ғасырға тақау ескі қайықты төтенше жағдай қызметі жақында әкеліп берді, – дейді тұрғындар жергілікті билікке деген қара қазандай өкпесін жасыра алмай. Ал арғы жағалауға өткен соң 160 шақырым жердегі аудан орталығына жету бір мұң. Өйткені, не жедел жәрдем, не автобус қарастырылмаған. Шенділер болса, «Жаңа көпір салуға қазынада ақша жоқ. Ескісін жөндеуге уақыт қажет», деген жаттанды жауаптарын қоянның құлағы сияқты қылтита қояды. Солардың бірі аудан әкімі Владимир Дудов жаңа көпір тұрғызу үшін сметалық құжат жасау қажеттігін, алайда, оған қаражат қаралмағанын, су тартылған соң уақытша амалдайтын көпір кәсіпкерлердің көмегімен шілде айында тұрғызылатынын көлденең тартады. Бәрінен де мектеп бітіргелі отырған оқушыларға обал-ақ. Былайғы уақытта түрлі спорт, білім сайыстарына барудан қалған олардың, Ұлттық бірыңғай тесті қалай тапсырарларын білмей бас қатырып отырған жайлары бар. Ата-аналар балаларын сынақтан емес, өзеннен амалдап, аман алып өтуді уайымдап жүр.

(Тақырыбы қысқартылған)
egemen.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста