Павлодарда Айымбетовпен кездесу кезінде екі оқушы есінен танып қалды (фото)

Павлодарда Айымбетовпен кездесу кезінде екі оқушы есінен танып қалды (фото)

Айымбетовтің адамгершілігін уайымдаған
Айдын Айымбетов ғарышта Арал мен Каспий теңіздерін қалай тапқанын айтып берді
«Халық қаһарманы» болған Айымбетовке жерлестері көлік сыйлады (видео)
Ауа райы
Таңертең Күн Кеш Түн
0 +6 +2 +1
Преимущественно облачно Ясно Малооблачно Преимущественно облачно, мокрый снег
Павлодарда Айымбетовпен кездесу кезінде екі оқушы есінен танып қалды (фото)

7 қараша
Ғарышкер Айдын Айымбетов Павлодардағы бірегей обсерваторияны ашу аясында оқушылармен кездесті. Оның сөз сөйлеуі кезінде екі 12 жастағы мектеп оқушыларының жағдайы нашарлап кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Бір оқушы тізерлеп құлаған кезінде оны мұғалімі ұстап үлгерген. Одан кейін екінші оқушы қасында тұрған қыз баланың үстіне құлап кете жаздады. Оны да сыртқа алып кетті.

«Балалардың жағдайы жақсы. Бізде оқушылар жиын кезінде естерінен танып жатады. Бір, екі бала. Қазір балалар сондай», – деп түсіндірді Павлодар облысы білім берe бөлімінің басшысы Бақыт Бексейітова.

Мұғалімдер оқушылардың есінен тануына қатты қобалжығандары себеп болғанын алға тартты.

Қазақтың арасынан шыққан үш ғарышкердің бірі, «Халық қаһарманы» Айдын Айымбетов оқушылармен кездесу барысында балалық армандары туралы сыр шертті деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық жастар саясаты жөніндегі басқармасында өткен кездесу «Жұлдыздарға – жол» тақырыбын арқау етті. Жиын барысында павлодарлық оқушылар Айдын Ақанұлына сауалдарын жолдап, естелікке суретке де түсті. Ұл-қыздар «Ғарышкер атану үшін не істеу керек?», «Арманыңыз не?», тіпті, «Ғарышта қалай тамақтандыңыз?» сияқты қызықты сауалдарын қойды.

Кездесу барысында «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Вервекин Мексикадан табылған көне астероидті көрсетіп, қолтаңбасын алды.

Еске сала кетсек, Айдын Айымбетов 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында «Союз ТМА-18М» кемесінің екінші бортинженері ретінде ғарышқа ұшты. А. Айымбетовтің ғарышқа өткізген уақыты 9 тәулік 20 сағат 13 минутты құрады.

“Ғарышкер болу – өмірлік арманым. Менің балалық шағымда кеңес дәуірінің барлық балалары ғарышкер болуды мұрат етті. Мен де солардың қатарында болдым. Ғарыш әлемімен мені алғаш рет әкем Ақан таныстырды. Бірде әкеммен шөп шабуға бардық. Шүйгін шөптің үстінде жатып, әкем екеуміз түнгі аспан әлемін тамашаладық. Дәл осы сәтте көкейімде «Көкке ұшсам» деген арман туды. Жұлдыздарды жақыннан көргім келді. Сол үшін химия, физика, математика пәндерін меңгеруді қолға алдым”, – дейді ғарышкер.

Мейман болашақта Марс планетасын бағындырғысы келетінін де жеткізді.

Ғарыштық теориялардың бірінде марстықтар Жерге ұшып баруы мүмкін деген болжам бар
“Бұл – «өмір» белдеуінде орналасқан төртінші планета. Адамзат білмейтін құпиясы мол. Ғарыштық теориялардың бірінде марстықтар Жерге ұшып баруы мүмкін деген болжам бар. Бүгінде аталмыш планетада органикалық іздердің бары анықталғаны мәлім. Өздеріңіз білетіндей, Марстың суреттерінде ұзындығы жүздеген шақырым, көлденеңнен 30-40 шақырым болатын алып жыра көрініс табады. Бұл да – планетаға қандай да бір «қонақтың» келгенін болжайтын теориялардың бірі. Жалпы, бұл алып Марстың құпияларын ашсам деймін”, – дейді Айымбетов.

Дереккөз: NUR.KZ
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста