Нанның құрамындағы улы затқа қатысты тағы дау туып жатыр

Нанның құрамындағы улы затқа қатысты тағы дау туып жатыр

Нан құрамында улы зат бар! Тағамтанушылар оның формалинді ашытқыдан дайындалатынын айтып, дабыл қақты. Тіпті ас атасына қазір өзге де түрлі химиялық заттар қосылады екен. Салдарынан, нанның дәмсіздігі өз алдына, ағзаға да зиянды. Нанның құрамына өткен айда депутаттар да алаңдаушылық білдірген. Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер сол кезде тексеруге уәде еткенімен, ешбір нанның құрамынан формалин таппапты, - деп хабарлайды КТК арнасы.

Бидай өсіру жағынан әлемде алдыңғы қатарда екеніміз мәлім. Алайда отандық нан сапасы соған сай емес. Ас атасының дәмі алдымен депутаттарға ұнамай қалған. Тіпті оның уы бар ашытқыдан пісірілетінін айтып, халық қалаулылары өткен айда дабыл қаққан болатын.

Ләззат Қиынов, Cенат депутаты:

- Ол ашытқылардың құрамында формалин бар. Ал, формалин дегеніміз кәдімгі у. Оны әдетте өлі адамның денесін бұзбай сақтау үшін қолданады.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігіндегілер нанның дәмсіз болуын формалиннен емес, өнімнің тым арзандығынан көреді. Баға төмен болғандықтан наубайханалар ас атасын әзірлеу үшін қолданылатын заттарды барынша үнемдейді екен. Дегенмен, сенаторлар алаңдаушылық білдіргеннен кейін, министрлік шұғыл тексеру жүргізгенімен, наннан зиянды зат таппапты.

Зейнулла Шәріпов, ҚР АШМ тамақ қауіпсіздігі департаментінің басқарма басшысы:

- Мәселені тұтынушылардың құқығын қорғау комитетімен бірлесе отырып талқыладық. Мұндай жағдай тіркелген жоқ. Яғни, елімізде нан және нан өнімдерін пісіру кезінде формалин қолданылмайды.

Дегенмен, тағамтанушылар да дабыл бекер қағылған жоқ деген пікірде. Олар елімізде нан пісіру үшін формалиннен бөлек, өзге де химиялық заттар қосылатынын растап отыр. Салдарынан ас атасы дәмсіз болғанымен қоймай, адам ағзасына үлкен зиян тигізеді екен.

Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті:

- Нанның дәмі өзінің табиғи көрінісінен айырылып қалып отыр. Ол жәй ғана айырылған емес, ол денсаулыққа өте зиянды. Химиялық жолмен оны жеткіземіз деп, химиялық жолмен оның дәмін келтіреміз деп, тағы-тағы бірдеңелерді қосып жатқанда адам денсаулығына өте үлкен зиянды әсерлер келетіндігін біз байқаймыз. Бұрыңғы табиғи дрождар жоқ. Ол жетіспейді.

Ал наубайшылар мұның бәрін жоққа шығарды. Айтуларынша, нан дәмінің халық қалаулыларына ұнамай қалуына өзге жағдайлар себеп болуы мүмкін.

Галина Григорьева, нан зауытының технологы:

- Нанның дәміне түрлі жағдайлар әсер етеді. Оның дәмсіз болуына қалыпты температураның сақталмауы, қышқылдың тиісті мөлшерде болмауы себеп болуы мүмкін. Қамырдың салмағы форманың өлшеміне сәйкес келмесе де кері әсер етеді.

Ал нанның түріне қарап, оның құрамында улы зат бар-жоғын білу мүмкін емес. Сондықтан тағамтанушылар оны тек үйде пісіруге кеңес береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста