Емдеу орталықтары жеткіліксіз

Емдеу орталықтары жеткіліксіз

Алматыда «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы 19 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда жүйке жүйесі мен психикасы зақымданған балаларға оңалту көмегі көрсетіледі.
Бұл жерге 14 ауысыммен 24 күн сайын 60 баладан қабылданып отырса, бір жыл ішінде 840 бала ем-дом алады екен. Ал елімізде осындағы мамандардың көмегіне мұқтаж мүгедек балалардың саны 72 мыңнан асады. Яғни бір ғана орын аздық етуде. Сонымен қатар мұндай орталық Астана қаласында да бар. Ондағы республикалық балаларды оңалту орталығы 330 орынға арналған.
Жақында Алматыдағы бала¬ларды оңалту орталығына бас сұқтық. Бүгінде ол жерде 60 бала ем алуда. Мұндағылардың мақ¬саты – неврология дертімен ауыратын балаларға көмек қолын созу. Айына 1 мен 16 жас аралы¬ғын¬дағы 60 науқас бала мемлекет есебінен емделеді. 1 жастағы және жағдайы ауыр балалар міндетті түрде ата-анасымен жатады. Ата-ана тек тамаққа ақы төлейді.
Баланы жетілдіру үшін мұнда логопед, психолог, әлеуметтік педагог, терапевт, невропатолог, дефектолог, монтессори-педагог сияқты бірнеше мамандар жұ¬мыл¬дырылған. Олар балалармен кешенді жұмыстар жүргізеді. Мәселен, дәрігерлер медици¬налық ем шараларын жасаса, әлеуметтік педагог мамандар баланың ой-өрісін дамытып, сезу мүшелерін жетілдіріп, яғни әрбір адам жасай білуі тиіс іс-әрекет жасауды үйретіп, баланы қоғамға бейімдейді. Ол үшін психоло¬гия¬лық тренингтер өткізіп тұрады.
Ал дәрігерлер әрбір науқастың ауруына байланысты диагноз қойып, сол бойынша жеке емдеу бағдарламасын жасайды. Балалар емдік дене шынықтыру (ЕДШ), механотерапия, ультрадыбыс, электрофорез, гидропро-цеду¬ра¬ларды қабылдайды. Одан бөлек, балшықпен, озокеритпен емдеу және дәрілік шөптерге толтырыл¬ған емдік ванна қабылдайды. Сондай-ақ «Locostation» жаңа аппараты жұмыс істеп тұр. Бұл жүре алмайтын балалардың аяғына кигізіліп, аппарат арқылы жүрудің эмитациясын жасап, дұрыс жетілмеген буындарына жүру кезінде жасалатын әрекетті істетеді. Олардың бұлшық етте¬рінің даму барысын дәрігерлер аппаратқа бекітілген компью¬терден бақылап, соған сәйкесінше жаттығу ауырлығын көбейтеді. Осының арқасында буындар жетілуін тоқтатпайды екен.
Тағы бір ерекше емдеу тәсілі – иппотерапия. Яғни жылқы малының көмегімен емдеу түрі. Негізі, медициналық тұрғыда атпен емдеу тәсілі Қазақстан бойынша осы орталықта ғана. Бұл жерге үйретілген екі ат әкелінген. Екі инструктор баланы атқа мінгізіп, аяғының қимылдауына ықпал етпек.
– Мысалы, аяғы сырқаттанған баланы алып келгенде, оны атқа өзім мінгізіп, 20 минуттай жүре¬міз. Оның денесін тік ұстап, дұ¬рыс отыруын қадағалаймын. Кейбір балалар бірінші рет кел¬генде қорқуы мүмкін. Кейін қол¬дарын жоғары көтеріп, екі жағы¬на созып, жаттығулар жасаймыз, – дейді инструктор. Оның ай¬туын¬ша, балаларды жағдайына қарай бір жарым жастан бастап атқа отырғызады. Күніне 8-ге жуық бала қабылдап үлгереді.
– Бізге балалардың церебрал¬дық сал ауруына (БЦС) ұшыраған, жүйке жүйесі және психикасы бұзылған балалар республика¬мыздың барлық аймағынан келіп ем алады. Өйткені бұл балалар ерекше күтімді, қамқорлықты қа¬жет етеді. Мұндағы оңалту жұ¬мыстары жыл бойы жүре береді, – дейді «Балбұлақ» респуб¬ли¬калық балаларды оңалту орталы¬ғының емдік оңалту жұмыстары¬ның орынбасары Назгүл Ахме¬това.
Мұнда кемтар балалардың аяқ-қолына жаттығулар жасалып, оның өздігінен қимылдауға үйре¬н¬уіне, икемді болуына жағдай ту¬ғызады. Бәрі тегін. Бірақ өкі¬нішке қарай, бұл орталықтың кө¬мек көрсету уақыты көпке бар¬майды. Балаға бар-жоғы 24 күн ем-дом көрсетіледі. Одан кейін кезек күт¬кен басқа балалар кел¬мек. Өйткені баласының аяқтан тұрып кетуіне осы орталықтың пайдасы тие¬тіндігіне сенген ата-ана қаншама?! Баласының ауыр халін көрген сайын олардың жүрегі сыздайды, аяқтан тұрғызу үшін көмек іздейді. Бұл жерде емделуге еліміздің әрбір айма¬ғынан келеді.
Назгүл Ахметованың айтуын¬ша, өзге аймақтағы балалар ал¬дымен облыстық денсаулық сақ¬тау басқармасында есепке тұ¬рады, кейін осы жерге кезек кү-теді. Алай¬да мұндағы тәртіп бо¬йын¬ша, қабылданатын 60 бала¬ның ор¬н¬ын 24 күннен кейін басқалары алмастырады. Себебі заманауи құрылғылардың, ма-ман¬дардың көмегіне мұқтаж жан¬дардың қарасы көп. Былтырғы жылдың статистикасы бойынша елімізде мүмкіндігі шектеулі ба¬лалардың саны 72 мыңнан асады. Соның ішінде 35 пайызы нев¬рологиялық аурулардың зар¬да-бын шегушілер. Ал невро¬ло¬гия¬лық аурулардың ішінде 65 пайызы – балалардың церебралдық сал ауруымен ауыратындар. Бұл жердегі жаңа құрылғылардың, жат¬тықтыру жұмыстарының ба¬лаларға тиер пайдасы зор дегені¬мізбен, емделушілер үшін бұл теңізге тамған тамшыдай болып отырғандай. Олай дейтініміз, бір айға жетер-жетпес уақыт қана емделу аздық етеді. Оны ата-аналар да, орталық директоры да айтып отыр. Орынның жетіспеу¬шілігінен науқас балалар өз кезегін 2-3 жыл күтіп қалады. Бұл уақытта баланың емі уақыт өткен сайын өз әсерін бермейді. Сол үшін емделу процесін жиі қай¬талап тұру қажет.
Сондай-ақ 60 орыннан бөлек 5 ақылы бөлім де бар. Кей кез¬дер¬де науқасқа көмек жедел керек болған кездерде ақылы орын саны 8-ге дейін өседі екен. Деген¬мен, ақылы көмек алуға көп ата-ана¬ның жағдайы келе бермейті¬¬нін де ескеру керек. Себебі ем¬де¬лу курс¬тарының ақысы жо¬ғары.
Маманның айтуынша, қазіргі таңда реабилитация орталығында барлық мамандар жеткілікті бол¬ғанымен, бәрібір реабили¬толог мамандар ауадай қажет. Өйткені реабилитологтар елімізде бірен-саран ғана.
Қазір де балаларды емдеуге арналған жаңа құрылғыларға қолы жетпей отырған қаншама ата-ана арнайы күтімді қажет ететін балаларды үйінде тәрбиелеп отыр. Сол үшін алыс қашықтықтағы мекенде тұратын жанды сабылтпай, әр аймақта осындай орталықтар ашқан жөн болар.

aikyn.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста