Елін бұзғың келсе, әйелдерін аздыр!

Елін бұзғың келсе, әйелдерін аздыр!

Тарихқа үңілсек, ХVIII – ХIХ ғасырларда Америка, Африка, Азия құрлығын жаулау үшін Франция, Англия, Белгия, Голландия, Италия, Испания елдерінің әскері, еркектері жер жүзін шарлап, мамыражай өз мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан елдерді қарақшылықпен жаулап, кінәсіз жандардың қанын ағызып, қыз-келіншектерін зорлап, екіқабаттарының ішін жарып өлтіріп, бар байлығын тонады. Алтын-күміс жер бетінің бар байлығын әскерлері мен басшылары Еуропадағы үйлеріне тонналап жіберіп отырды. Бірақ, кім өзінің атамекенін тонатып, халқын қырғызып қойсын олар да еуропалық ағылшын, француз, испан, италиян, голландиялық ұлттардың жаулаушы әскерлерін яғни еркектерді қырды.
Бірақ, Еуропадағы жесір қалған әйелдері, еркексіз қыздары алтынға шомылып әбден есіріп кетті. Бір күндік «қызығы» үшін еркектерді жалдап, жезөкшеліктің «базарын» қыздырды. Еуропада еркектер азайып кеткендіктен соғысқа қатысы жоқ басқа елдерден «жеңіл өмір» іздеп келген еркектер Париж, Лондон қалаларын жайлады. Әр еркекке оннан аса әйелдерден келгендіктен, әбден есірген еркектер айына бір әйел ауыстырып, солардың есебінен күн көріп, жатыпішер кер жалқау, арамтамақ езге айналып, әбден ақымақтыққа душар болды. «Ақшаның бәрі үлкен қалаларда, бай жігіттер мен еркектер толып жатыр» деген қауасетпен бастық, бай еркектерге, тұрмысқа шығамыз деп есі кеткен, жұмыс іздеген, жеңіл жүрісті әйелдер Еуропа астаналарына қаптап көшіп келді. Билік қуған, байсыз бала тапқан, мүлдем тұрмысқа шықпаған, жезөкше әйелдерге толып кетті де «өркениеттің орталығы» деп жүрген Париж «азғындықтың ордасына» айналды.
Бұл аздай 1794 жылы мемлекеттік төңкеріс арқылы билікке келген Француз “қызыл коммунарларының” (бізше коммунистер) алғашқы заңдарының бірі – «әйел теңдігі». «Біз “әйел теңдігі” үшін күресеміз» деп қыз–келіншектердің отына жел үрлеп, әйелдерді биліктің барлық тармақтарына біздің “Раушан коммунистер” сияқты тағайындады. Осы кезеңде француз жазушысы А. Дюманың “Ақ гүлді келіншек” (Дама с камелиями) романын бүкіл Еуропа халқы қолдарынан түсірмей оқыды. Роман кейіпкеріне еліктеген қыз – келіншектер тек Францияны емес бүкіл Еуропада аяқ алып жүргісіз болды.
Еуропаның байлық пен биліктің буына мас болған әйелдер мен қыздары білім, ғылым, ұрпақтың болашағын ойламады. Күйеуі бары да жоғы да, тұрмысқа шықаны-шықпағаны да романдағы салдақы кейіпкердей, еркек атаулының “аяулысына” айналуды армандап, ессіздікте шек жоқ қой туберкулез ауруын әдейі жұқтырып, құп-қу болып, жезөкше болу үшін жандарын салды. Осы кезеңді “сексуальді революция” деп те атайды.
Әбден есі ауысып, бетімен кеткен жезөкше әйелдер белгі ретінде есігінің алдына “қызыл фонар” іліп қою сәнге айналған. Осы белгі арқылы кез-келген еркек қалаған уақытында сол үйге кіріп “тояттайтын” болды. Отарға түскен халықтың көз жасына ұшыраған Еуропа, осылай азғындықтың батпағына белшесінен батып жатты…
1914 жылы 8 наурыз күні Данияның астанасы Копенгаген қаласында, сайлауға қатысу «құқықтарын» қорғап, шеруге шыққан жезөкше- салдақыларды полицейлер қуып таратады. Өйткені қоғам оларға ең төменгі «азғындар» ретінде қарап жиіркенетін. Екінші дүниежүзілік соғыста еркектер тағы қырылды. Еуропада биліктегі әйелдер билігін пайдаланып, іскер әйелдер ұйымдар мен мемлекеттік емес қозғалыстарды көптеп құрды. Оларда бір-ақ мақсат болды. Ол; «еркектер бізден жоғары оларды бізбен теңестіру керек» деп күресті.
Еуропа әйелдерінің еркектермен жауласатын орны бар. Христиан дінінің католик тармағын ұстанған Еуропада 15-17 ғасырлар арасында әйелдерді «сайтан», «ведьма» деп жүз мыңдап отқа өртеп, асып, атып өлтірді. Осыған кектенген Еуропа әйелдері жаппай «саясатқа» шықты. Бір-біріне бақталас Еуропа елдері; «Елін бұзғың келсе әйелін бұз» деген қағидамен екінші бір елдің экономикасын дағдарысқа ұшыратып, білім ғылымын сорлату үшін сол елдің ақымақ әйелдерін пайдаланды. Ақшаны аямай беріп, қаншама мемлекеттік емес ұйымдар ашып еркектеріне қарсы қойып, әйелдерді сайлауда қолдап билікке әкелді.
Еуропалық аз еркектер әйелдердің бұл «жеңістеріне» мән беріп, түбіне үңілмеді. Ал, сайлаудан өте алмағандары «гендерлік» саясаттың күшімен парламент пен мемелекеттік билікте 50 пайыздан артық иеленіп алды. Әйелдер қалай билікке келді солай Еуропа азғындыққа ұшырады.
Тоғайбай Нұрмұратұлы
 namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста