Біз табиғаттан алуды ғана біліп, табиғатқа беруді ескермей келеміз

Біз табиғаттан алуды ғана біліп, табиғатқа беруді ескермей келеміз

Соңғы жылдары еліміздегі өзен-көлдерде балықтың азайып бара жатқаны байқалады. Мамандар балық қоры азаюның басты екі себебебін айтады. Бірінші себеп – табиғат құбылыстары. Екінші себеп – адами факторлар.

Балық қырылуына әсер ететін табиғат құбылыстары
Мамандардың айтуынша кей кездерде өзендерде балықтың жаппай қырылуына ауа райының күрт ысуы әсер ететін көрінеді. Яғни, күн қатты ытық болғанда таяз өзендерде оттегі азайып кетеді екен. Естеріңізге сала кетсек, осындай оқиғаның бірі өткен жылы Маңғыстау облысының Жығылған мүйісінде орын алған болатын. Сол кезде мамандар «Түпқараған ауданы тұсында өзен таяз болғандықтан, күннің қатты ысуы салдарынан балықтың жаппай қырылуы сол маңда орын алды» дескен болатын.
Ғалымдардың айтуынша, кей жағдайда көл табанында жер қыртысы жылжып, газ бөлініп шығады екен. Соның салдарынан өзендегі балықтар қырылатын көрінеді. Былтырғы жылы Ақмола облысындағы «Бурабай» ұлттық табиғи бақ территориясындағы Үлкен Шабақты көлінде балықтар жаппай қырылғанда ғалымдар осындай болжам жасаған еді.

Адами факторлар
Мамандардың айтуынша өзен-көлдердегі балықтың қырылуына адами факторлар да тікелей әсер етіп отырған көрінеді. Ең басты мәселе - өзен-көлдердегі судың ластануы. Ал оған өркениеттің қарыштап дамуы әсер етіп келеді. Өркениеттің дамуы өндіріс ошақтары санының күн санап артуына әкеліп отыр. Өкінішке қарай, сол өндіріс ошақтарының экологиялық талаптарды орындамай, зиянды қалдықтарды әлі күнге өзен-көлдерге құйю жағдайлары тыйылмай тұр. Салдарынан өзен-көлдің байлығы – балық қоры құрып барады.
Эколог Мэльс Елеусізовтің пайымдауынша, батыс аймақтарда экология мәселесі дұрыс шешілмесе Каспийдегі бекіре балықтарының жойылу қаупі бар.
Ал тағы бір эколог маман Молдағали Масханұлы «Каспиге келтіріліп жатқан экологиялық зардаптарға әлі күнге есептеу-талдау жасалмай отыр. Сондай-ақ Каспийдің экологиялық апатқа ұрыну қаупі ескерілмей келеді» дейді.

Расымен де, соңғы жылдары Каспий теңізінде итбалықтардың, аққулардың, балықтардың жаппай қырылу оқиғалары бірнеше рет қайталанды. Мамандар бұл жағдайды теңізге төгіліп жатқан мұнай қалдықтарының әсерінен дескен болатын.

Броконьерлік
Елімізде қызыл кітапқа енген аң-құсты заңсыз ату тыйылар емес. Сондай-ақ заңсыз балық аулау да азаймай тұр. Адами фактордың тағы бірі дәл осы – броконьерлік. Ең өкініштісі, заңсыз аң ату мен балық аулушыларға қарсы күресуі тиіс табиғатты қорғау полициясы мен балық инспекциясы қызметкерлері және шенді тұлғалардың осындай әрекетке баруы. Мансабын асыра пайдаланғандар броконьерліктің етек жайуына ықпал етіп отыр. Мысалы, Шығыс Қазақстандық прокурорлар Зайсан көлінде заңсыз балық аулаудың белең алуына табиғатты қорғау полициясы мен балық инспекциясы қызметкерлерінің қолдау көрсеткенін анықтаған. Мамандардың пайымдауынша, Зайсандағы балықтың күрт азаюына браконьерелердің аяусыз ау құруы себеп болып отыр. Құқық қорғау органы мамандарының мәліметіне қарағанда, көлден балық аулауды қылмыстық топтар кәсіптеріне айналдырған. Прокуратура органының мәліметі сүйенсек, заңсыз балық аулағаны үшін өткен жылы 46 адам сотталған. Заңсыз балық аулауды ұйымдастырушы бір азамат іздеуде жүрген көрінеді. «24KZ» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында облыстық прокуратураның баспасөз қызметі өкілі «кейбір істерде балық қорғау инспекциясы мен табиғат қорғау полицися қызметкерлерінің де байланысы бар екені анықталды. Сондықтан заңсыздықпен күрес және балық шаруашлығын одан ары дамыту мәселелері бойынша алдағы күндері Шығыс Қазақстан обылыстық прокуратурасы осы салаға жауапты органдардың басын қосып арнайы алқа мәжілісін өткізбек» деп мәлімдеген.

Ихтиолог ғалымдардың айтуынша, Зайсан көліндегі балықтың барлық түрі соңғы 5 жылда күрт азайған. Мамандар келтірген дереккке сүйенсек, бұдын бес жыл бұрын көксерке балығы шамамен 14 миллиондай болса, бүгінде оның саны 7 миллионға да жетпейді екен. Ал табан балық тіпті құрып кетудің аз-ақ алдынды көрінеді. Осылай кете берер болса, тағы бес жылдан соң не болмақ?
Ең басты өкініш - біз табиғаттан алуды ғана біліп, табиғатқа беруді ескермей келуіміз.

Қалдар Көмекбаев
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста