Ауру малдың еті дүкен сөрелерінен бір-ақ шығуы мүмкін бе?

 Ақтөбе облысында өлген малдарда пастереллез, сібір жарасы, қарасан ауруларының еш белгісі табылмады. Жуырда ветеринарлық қызмет өлекселерден осы жұқпалы ауруларға қарсы патологиялық материалдар алып, аса қауіпті жұқпалы ауруларды анықтау үшін зерттеу жасаған болатын. Алдын алу мақсатында Ырғыз және Әйтеке би аудандарында пастерелезге қарсы жаппай егу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен сараптама жасаған мамандар малдың неден өлгенін әлі нақты анықтай алмай отыр. Зерттеу жұмыстары жалғасуда. Жыл басынан бері 2 ауданда 300-ден астам ірілі-ұсақты мал өлген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары: «Алаңдауға еш негіз жоқ. Қазір малдың қырылуы тоқтады», – дейді. Аян Ықылас, Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары -Өлекселер арнайы инсенатор деп аталатын, малдың ауруын, өлексесін жоятын құрал арқылы өртеліп, жойылды. Ал енді ол жаңағы ауру малдың еті сатылып кетуі мүмкін деуге еш негіз жоқ. Өйткені осы жағдайды қадағалап отырған бізде арнайы орындар бар. Ал Қарағанды облысының Ұлытау ауданына қарасты Қаракеңгір ауылындағы малдардың өлуіне пастереллез індеті себеп. Бұл туралы Ұлытау аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Өмірсерік Рүстемов телефон арқылы мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Қаракеңгір ауылында өріске кеткен мал ауырып келіп, бірінен соң бірі қырылған еді. Аузынан көбік ағып, тұяғының арасына жара шығып, тұра алмай қалған. Осы күнге дейін 24 бас мал шығын болған. Қазір жұқпалы індетке шалдыққан мал саны – 236. Өлекседен алынған сынама Астана қаласындағы ұлттық референттік орталыққа жіберілген болатын. Зертхана мамандары нәтижесін шығарды. Енді ауырған малдың барлығы сойылып, еті өңдеуге жіберілмек. -Ұлттық референттік орталықтың қорытындысын алдық. Листериоз бен пастереллез деген екі ауруды қойып отыр. Бұл аурулар аң-құстардан келеді, кеміргіштерден жұғады. Оған шектеу қойылды. Осы шектеу бойынша, мұның еттері өңдеуге жатады. Сондықтан мұны Сәтбаев қаласына апарып, кәсіпкерлерге өткізіп, сол жерде өңдейміз. Төлдердің жаппай қырылуының себебін осы салаға жауапты ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерінен де сұраған болатынбыз. Ведмство мамандары үй жануарлары өлімінің - қынаша қырылған ақбөкендерге еш қатысы жоқ деп сендіруде. Сараптама қорытындысы бойынша мал дәрігерлері бұл «листериез» ауыруы дегенді алға тартуда. Сақташ Хасенов ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы -Республикалық референттік зертхана тексерісінің нәтижесі бойынша, малдарға листериоз инфекциясы жұққан деген қорытынды шығарылды. Індетті жұқтырған жүз бас мал оқшауланды. Олар сойылады да еті консервілік өнімдер жасалуға жіберіледі. Ал қалған ауырмаған малдарға екпе жасалады. Өлген төлдің иелеріне өтемақы төленеді.

khabar.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста