«Айтысып сөзге келгенше, ақылмен жөнге кел»

«Айтысып сөзге келгенше, ақылмен жөнге кел»

2011 жылдың 28 қаңтарында қабылданған «Медиация туралы» заң сот істеріне елеулі өзгерістер мен игілікті үрдістерін енгізді. Медиаторлардың көмегі арқылы даудың келісіммен шешілуі сот жұмысын біраз жеңілдеткендей. Сот отырыстарында судья тарапынан шағымданушы мен жауапкерге медиатордың көмегіне жүгінуге болатынын айту да дәстүрге айналып келеді. Қарапайым көпшілік медиатордың көмегімен де дауды шешуге болатынын әлі түсіне бермеуде. Осы тұрғыда медиаторлыққа үгіт-насихат кең көлемде жүргізілуі керек екендігін сот саласы жақсы түсінді.
Қазіргі таңда сотқа тек кәсіпқой медиаторлар ғана қатыссын деген заңдылық жойылған. Қазір дауды шешуіге жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасының үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін расстайтын құжаты (сертификаты) бар және кәсіпқой медиаторлар тізімінде тұрған арнайы тұлғалармен қатар, кәсіби емес негізде жұмыс жасайтын медиаторлардың да жергілікті жердегі дауларды реттеуге қатыса алатындығын халық көбінесе біле бермейді. Кәсіпқой емес медиаторларға қандай талап қойылады? Тараптарды ымыраластыруымен айналысу үшін оған ниетті азамат 40 жасқа толған болуы және жергілікті деңгейдегі арнайы тізімге енуі тиіс. Осы орайда жоғарыда аталған заңның талаптарына сәйкес, кәсіпқой емес медиаторлар тізімін жергілікті атқарушы орган, атап айтқанда, ауылдық округ әкімдері жүргізетіндігін атап өткен жөн. Бұл тізімге енудің тәртібі де заңда аталып көрсетілген. Медиация туралы Заң дау шешкісі келетін азаматтың кәсіпқой емес медиаторлар тізіміне қосылу үшін уәкілетті органға, яғни, ауылдық округ әкіміне жеке куәліктерінің көшірмелерін (салыстырып тексеру үшін жеке куәлігінің түпнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесін); үміткердің тұрғылықты жері бойынша наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымнан және психонервологиялық ұйымнан берілген медициналық анықтамалар; соттылығының жоқтығы туралы анықтаманы қоса ұсына отырып медиаторлыққа үміткер болатынын айтады. Ал осы шаруаны атқарушы уәкілетті орган тұлғаны аталған тізімге енгізеді немесе енгізбеу себебін көрсете отырып, енгізуден бас тартады.
Естеріңізде болса, 2016 жылдың қаңтарында жаңа Азаматтық процестік кодекс күшіне енді. Міне, қабылданғанына аз уақыт өткеніне қарамастан жаңа кодекс, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды реттейтін негізгі тетікке айналды. Осы орайда, Азаматтық процестік кодекстің 17-тарауы, «Татуластыру рәсімдері» татуластыру шараларын кеңінен қолдануға және дауды бітімгершілік тәсілмен шешуге барлық мүмкіндіктерін қарастырған. Татуластыру рәсімдері жан-жақты зерттеліп, медиатордың біліктілігімен бейбіт түрде шешіледі. Қазір осы жолмен шешіліп жатқан істер өзінің оң нәтижелерін беріп жүр. Медиация жаңа ғасырға лайық оң тәсіл болды. Оған Азаматтық процестік кодекстің татуластыру рәсімдері де оңды жаңалықтарымен қосылды.
Сондай-ақ, тараптарды процестің алғашқы кезеңдерінде бітімгершілікке келуге ынталандыру үшін төленген мемлекеттік баж кері қайтарылады. Сот процесінде тараптар татуласып немесе бітімгершілікке қол жеткізген жағдайда, іс бойынша төленген мемлекеттік баж кері қайтарылады. Мұндай мүмкіндік ескі кодексте қарастырылмаған еді. Түсіндірме жұмыстарынан кейін қарапайым халық медиаторлықты жете түсініп келеді.
Мұнымен қоса, жаңа Азаматтық процестік кодекспен жұмыс жасалғалы судьялардың да жүктемесі азайып, қос тарап үшін де пайдалы жағдай туғызуда.
«Айтысып сөзге келгенше, ақылмен жөнге кел» деген қазақтың даналығы іске аса бастады. Егерде медиациялық тәсіл республика көлемінде кеңінен жүзеге асса өркениетті елдің сот процесінде де тиімді өзгерістер орын алатыны сөзсіз.

Л.Орманкулова, бас маман-сот отырысының хатшысы,
Панфилов ауданы, Алматы облысы
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста